Пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлер бойынша келісім шарттарды бұзу туралы талап-арыздар жолданды

Пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлер бойынша келісім шарттарды бұзу туралы талап-арыздар жолданды

Аудан тұрғындарының малын жаю мұқтажын қанағаттандыру мақсатында ауылдық округі әкімдері аппараттарына жалпы көлемі 148,3 мың га жайылым жерлер бекітілді, о.і. 2023 жылдың басынан бастап 477,8 га (16-20 қантар аралығында Қаражота ауылдық округіне-150,0 га) бекітілді.
2023 жылдың қантар айының 01-20 күндері аралығында пайдаланылмай жатқан жайылым жерлер бойынша сот органдарына 12 субъект жөнінде (5,3 мың га) жалға беру туралы келісім шарттарды бұзу туралы талап арыздар жолданды.
 
Пайдаланылмай жатқан жайылым жерлер бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларына сәйкес мониторинг жүргізіліп, Алматы облысының жер ресурстарын басқару департаментіне 120 субъект (жалпы көлемі 54793,9 га, о.і. жеке меншік құқығындағы 24 субъект-16,9 мың га және уақытша пайдалану құқығындағы 96 субъект-37,9 мың га) жөнінде тиісті материалдар жолданды. Қазіргі уақытта уәкілетті органы тарапынан жоспардан тыс тексерістерді жүргізуге облыс прокуратурадан рұқсат алу іс шаралар жүргізілуде.

Қызмет бағыты