Қар көшкіні қаупі!

Еңбекшіқазақ ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді! Алматы облысының тауларында 2022 жылғы 30 желтоқсан 2023 жылғы 04 қаңтар аралығында қар көшкін қаупі сақталады. ТЖБ азаматтардан, туристерден және демалушылардан қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан қарлы беткейлерге шықпауды, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Еңбекшіқазақ ауданы аумағында Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Есік және Түрген өзені бассейндерінде 17 қар көшкіні қаупі бар учаске бар. Негізінен қар көшкінінің түсуі температура фонының жоғарылауына және жаңбыр мен қар түрінде мол жауын-шашынның түсуіне байланысты болады.