Тескенсу-Көлді-Толқын аралығы орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылып отыр

Ағымдағы жылы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындарға қолайлы жағдай туғызу мақсатында "Бәйдібек би - Казатком - Толқын- Көлді-Тескенсу" бағытындағы ұзындығы 36, 5 км жолдың, ең қатты бүлінген участогы 27,5 - 36,5 км, яғни 9 км ( Тескенсу- Көлді - Толқын аралығы) орташа жөндеу жұмыстарымен қамтылып отыр. Тапсырыс беруші " Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ. Мердігер мекеме "ДСУ-13 АҚ-ы. Жұмыстар 2022 - 2023 жылдарға жоспарланған. Қазіргі таңда 6 км асфальт салу жұмыстары жүргізілді. Жолды кеңейту, жиегін нығайту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыстар жалғасуда.