Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай

Алматы облысындағы эпидемиологиялық жағдай

Алматы облысындағы КВИ бойынша эпидемиологиялық эпидемиологиялық ахуал күрделі, соңғы аптада 546, соңғы тәулікте 83 жағдай тіркелді. Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында облыс жасыл аймақта. Жыл басынан бері КВИ – дің 34734 жағдайы, оның ішінде 26 744 жағдай симптомды түрімен тіркелді.
Облыста КВИ-ң өсу қарқыны соңғы 2 аптамен салыстырғанда жоғары, яғни сырқаттанушылық 338 жағдайдан 546 жағдайға дейін өсті. Соңғы аптада жоғары көрсеткіш көрсеткен аудандар: Балқаш – 0,3% (26 жағдай), Еңбекшіқазақ – 0,2% (70 жағдай), Іле – 0,3% (109 жағдай), Қарасай – 0,4% (136 жағдай), Райымбек – 0,4% (10 жағдай), Талғар – 0,2% (101 жағдай), Қонаев - 0,5% (32 жағдай).
Жас құрамы бойынша ауырғандардың жоғары үлес салмағы 50 жас және одан жоғары жастағы тұрғындар арасында – 28%, 20-29 жас контингенті арасында 26% және 14 жасқа дейінгі балалар арасында –15,6%, одан әрі байқалып отыр.
КВИ жұқтырудың негізгі орындары: отбасылық іс-шараларда - 43%, демалыс орындарынан келген азаматтар арасында - 23%, қоғамдық тамақтану орындарында - 18%, шет елден демалып келген азаматтар арасынан - 18% және қоғамдық көлікте - 16%