Халықты жұмыспен қамту орталығы 2022 жылғы 01 шілдеге дейін "Еңбек Жолы" конкурсына қатысуға үміткерлерден өтінімдер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Конкурс үш номинациядан тұрады:

  • "Үздік еңбек әулеті",
  • "Өндірістің үздік жас маманы"
  • "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері"

Бұл конкурс жастарды еңбекке деген құрмет рухында тәрбиелеу, еңбек дәстүрлерін сақтау және көбейту мақсатында үздік еңбек әулеті мен үздік өндіріс жұмыскерлерін айқындайды. Конкурс "Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы" ұранымен еңбек адамының қоғамдағы мәртебесін арттыруға және еңбек өнімділігін ынталандыруға ықпал етеді.

Конкурс 2 кезеңде өткізіледі: өңірлік деңгейде және республикалық деңгейде "Еңбек Жолы" конкурсының жеңімпаздарын іріктеу.

Конкурсқа кәсіпорындардың (саласына қарамастан) барлық қызметкерлері қатыса алады.

  • "Үздік еңбек әулеті" - еңбек өтілі ең ұзақ, марапаттары ең көп әулет таңдалады.
  • "Өндірістің үздік жас маманы" - жұмыс өтілі 5 жылдан аспайтын, ең белсенді және еңбекқор өндіріс жұмыскері таңдалады.
  • "Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері" - жұмыс өтілі кемінде 20 жыл, жоғары тиімді жұмыс істейтін тәлімгер таңдалады.

Әр номинация бойынша жеңімпаздарды Республикалық комиссия анықтайды. Конкурсқа еңбек әулет өкілдерін де, бастамашыл жас қызметкерлерді де, сондай-ақ олардың тәлімгерлерін де белсенді қатысуға шақырамыз. Қосымша ақпарат алу үшін Есік қаласы, Алматы көшесі, 209 мекенжайы бойынша орналасқан халықты жұмыспен қамту орталығына немесе 8(72775)40553, 41231 телефондары арқылы хабарласуға болады.