Аудан әкімі Балтабай және Ташкенсаз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

Аудан әкімі Балтабай және Ташкенсаз ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті

18 мамырда арнайы жұмыс тобымен Балтабай және Ташкенсаз ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесу өткіздім.
Ауданның тыныс-тіршілігімен танысып, апта сайын елдімекендерді аралап, тұрғындардың талап-арыздары мен, ұсыныс-тілектерін тыңдап Балтабайлықтардың сөзіне құлақ астым.
Мұндағы басты мәселелер – жайылымдық жердің тапшылығы, карьер жұмысын тоқтату, балаларға спорт алаңдарын салу, жол жөндеу, ауызсу және ауылдың санитарлық тазалығы.
Округте салынатын спорт алаңдары, Бірлік ауылында салынатын мектеп ғимаратының орны, тб сұрақтар халықпен бірге ақылдасып қолға алынатыны сөз болды. Жайылымдық жерлер мәселесі бойынша комиссия құрылып, мәселенің ақ-қарасы шешілетіні айтылды. Сондай-ақ кездесу соңында мен тұрғындардың жеке сұрақтарына жауап беріп, қабылдау өткіздім.
Ташкенсаз ауылдық округінде жиналған халықтың негізгі көтерген мәселесі – Баяндай ауылындағы мектеп мәселесі және осы ауылдағы фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының әбден тозығы жеткендігі. Білім бөлімінің басшысы Бәтес Аманова мектеп салу мәселесі күн тәртібінде тұрған сұрақ екенін айтты, «Ол жерде мектеп салу даму бағдарламасына енген, алдыңғы кезекте тұр" деп жауап берді. Ал ФАП-тың 1957 жылы салынған ескі ғимарат екенін тілге тиек еткен Еңбекшіқазақ ауданаралық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Гүлмира Отынбекова 2023 жылы Құлжа мен Баяндай ауылдарында БМК салынатынын айтты.
Кездесу соңында мен тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдап, сұрақтарына жауап бердім.