ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ  БАСТЫ НАЗАРДА

Аудан әкімі Әлібек Жақанбаев Шелек өңірі мен Есік қаласындағы бірқатар құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарды аралап, олардағы ахуалды бағамдап қайтты. Құрылыстың қай-қайсысы болса да сапалы әрі уақытылы атқарылуы керектігін айтып, ескертулер де жасады.
Алдымен аудан әкім Шелек ауылындағы 60 пәтерлі тұрғын үйге барды. Мердігер мекеме «Асан М-Компани» ЖШС-і тұрғын үй құрылысын ақпан айында бастағанымен, түрлі қаржылық қиындықтар мен материалдардың тапшылығы жұмыстың қарқынды жүрілуіне қиындық туғызды. Қазір аталған 60 пәтерлі тұрғын үйдің іргетасы мен жертөле қабырғаларының жұмыстары аяқталған. Бүгін ондағы құрылыс жұмыстары баяу жүргізілуде. Сол себепті Әлібек Әскербекұлы Шелек ауылдық округінің әкімі Сакен Абдыхалықовқа 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысын қадағлауды тапсырды. Ал «МОНОЛИТ» ЖШС-і мердігер болған Шымболатов атындағы саябақ пен округ әкімдігі ғимаратының айналасын абаттандыру жұмыстары қарқынды жүрілуде. Бұл жұмыстар желтоқсанға дейін толығымен аяқталады деп ауыл әкімі қорытындылады.
Есік қаласындағы құрылыс нысандарын аралаған өңір басшысы Уәлиханов көшесіндегі 8 метрлік көше сағаты, үшінші ықшам ауданды абаттандыру, инвесторлардың тарапынан жүзу бассейнінің құрылысы және қала орталығында салынып жатқан Керей мен Жәнібек ескерткішін құрылыс жұмыстарымен танысты. Сонымен қатар Әлібек Әскербекұлы қала әкімі Айдар Бошкуловқа лэд экран орнату үшін орындарды белгілеуге тапсырма берді.
Жаңадан салынған және күрделі жөндеуден өтіп жатқан нысандарды аралау барысында аудан әкімі атқарылған құрылыс жұмыстарын саралап, Есік қаласы мен Шелек ауылдық округ әкімдеріне және бөлім басшылары мен мердігерлерге нақты нәтиже көрсетуді тапырды.