Еңбекшіқазақ ауданының" сервистік әкімдігінде" мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкесі өткізілді

05.10.2021 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен, "халық үніне құлақ асатын мемлекет"тұжырымдамасы аясында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында,Еңбекшіқазақ ауданының" сервистік әкімдігінде " мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.
Онлайн-жәрмеңкені аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы, Ауыл шаруашылығы бөлімдерінің басшылары жүргізді.
Жәрмеңке өткізу барысында аудан тұрғындарының қойған сұрақтарына жауаптар берілді.
Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің аппараты
мемлекеттік қызметтер мониторингі
және ақпараттық технологиялар бөлімі