Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау

Мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамау

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер назарына келесіні хабарлайды, мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы  үшін ӘҚБтК-нің 288 бабына сәйкес, келесі жауапкершілік көзделген:

  1. Салық төлеушінің мемлекеттік кіріс органдары мен олардың лауазымды адамдарының заңды талаптарын орындамауы –

      сегiз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      он бec айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Салық төлеушi кәсiпкерлiк қызмет үшiн пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайлардан басқа) салықтық тексерудi жүргiзетін мемлекеттік кіріс органының лауазымды адамының кiруiне заңсыз кедергi келтiру –

      қырық бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

  1. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –

      алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемелекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы Токкожаева А.М.