Бақылау- кассалық машиналарды пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

Бақылау- кассалық машиналарды пайдалану тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік

Салық төлеушілерді ақпараттандыру үшін Еңбекшіқазақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы еске салады, сауда операциялары, қолма-қол ақша арқылы жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде жүргізілетін ақшалай есеп айырысуды Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде бақылау-кассалық машиналарды қолданбау, сондай-ақ ақаулы болып табылатын немесе пайдалану орны бойынша мемлекеттік кіріс органының есебінде тұрмаған бақылау-кассалық машиналарды қолдану  ескерту жасауға әкеп соғады.

ӘҚБтК-нің 284 баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік)  жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

Токкожаева А.М.

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша МКБ

бөлім басшысы