Үкіметтік емес ұйымдар арасында өткізілген әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру аясында Есік қаласының 1-ықшамауданындағы №18А көппәтерлі тұрғын үйдің қабырғасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы «Street-art» муралы салынды.
Тапсырыс беруші: Еңбекшіқазақ ауданының ішкі саясат бөлімі
Орындаған: «Іле Мұрагер» қоғамдық бірлестігі
Жобаның мақсаты: Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамда құқық бұзушылыққа деген «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру.