Әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру

Облыс аумағында 1227 орынға арналған арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін 8 мекеме (бұдан әрі – АӘҚ) жұмыс істейді. Штаттық бірлік саны – 1029,75. Сонымен қатар, жыл сайын 3000-ға жуық зейнеткерге қызмет көрсететін «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» (бұдан әрі – БҰӨО) жұмыс істейді, онда 149,5 штаттық бірлік қарастырылған.
2025 жылға 8 АӘҚ орталығына (БҰӨО қоса алғанда) 5 553 442,0 млн теңге бөлінді.

Атап айтқанда:
220 орынға арналған қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы типтегі КММ «Шарапат» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы (оның ішінде 170 орын – стационар, 50 орын – оңалту бөлімшесіне). 2025 жылы қызметпен 197 адам қамтылды.

18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар адамдарға арналған 606 орындық екі орталық (505 орындық КММ «Аманат» Есік АӘҚ орталығы және 101 орындық КММ «Ақ ниет» Талғар АӘҚ орталығы).

Психоневрологиялық ауытқулары бар мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 110 орындық КММ «Аяла» Талғар арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы (70 орын – стационар, 40 орын – оңалту бөлімшесі).

Қонаев қаласындағы психоневрологиялық ауытқулары және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған 60 орындық КММ «Күндізгі болу орталығы».

Қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға арналған 80 орындық КММ «Әлеуметтік бейімдеу орталығы».

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған 50 орындық КММ «Әлеуметтік көмек көрсету орталығы».

18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге арналған 101 орындық КММ «Бақанас» арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы.

Облыс аумағында АӘҚ көрсететін 23 бөлімше жұмыс істейді. Оның ішінде:
– 10 бөлімшеде психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан адамдар мен балалар – 903 адамға қызмет көрсетілді;
– 11 бөлімшеде жалғызбасты және жалғыз тұратын қарттар мен мүгедектер – 1239 адамға қызмет алды;
– аралас контингентке арналған 2 бөлімшеде – 214 адамға қызмет көрсетілді.

Облыста үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимыл бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Үй жағдайында АӘҚ көрсету үшін 2 ҮЕҰ-мен 50 адамды қамтитын келісімшарт жасалған.
Жартылай стационарлық режимде мүмкіндігі шектеулі 847 балаға АӘҚ көрсету үшін 13 ҮЕҰ-мен келісімшарт жасалған.

Бүгінде облыстың 9 ауданында және 2 қаласында «Отбасыны қолдау орталықтары» құрылған. 

Сонымен қатар, аутизм және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығын, 150 орындық екі оңалту орталығын және шағын үйлерді ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Оқиғалар күнтізбесі

Барлық оқиға

Жиі қойылатын сұрақтар

Барлығын көру

Атаулы әлеуметтік көмек отбасының барлық мүшелеріне жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі мен кедейлік шегінің айырмашылығы ретінде (ең төменгі күнкөріс деңгейі 23112 теңге кедейлік шегінің 70%) тоқсан сайын хабарласқан айдан бастап тағайындалады.

Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың, босқындардың, шетелдіктердің және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, азаматтығы жоқ адамдардың атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

Атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі үшін тұрғылықты жері бойынша – халықты жұмыспен қамту орталығына, ал ауылдық жерлерде кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне белгіленген үлгідегі өтінішпен және сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен жүгінеді.

АӘК мыналарға тағайындалмайды:

1) жан басына шаққандағы орташа табысы (23 112 теңге) белгіленген кедейлік шегінен асатын адамдарға (отбасыларға);

2) «Мемлекеттік атаулы көмек туралы» Заңның 2-бабы 6-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда, еңбекке қабілетті мүшесі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан отбасыға – жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысудан бас тартқан күннен бастап алты ай бойы;

3) алушының кінәсі бойынша бұрын жасалған әлеуметтік келісімшарт бұзылған және (немесе) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелер орындалмаған жағдайларда, адамға (отбасыға) – атаулы әлеуметтік көмекті тағайындауға өтініш жасаудың алдындағы алты ай бойы;

4) атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін көрінеу жалған мәліметтер және (немесе) анық емес құжаттар берген адамдарға (отбасыларға) – оларды ұсынған  күннен бастап алты ай бойы;

5) материалдық жағдайын зерттеп-қарау нәтижелері бойынша дайындалған учаскелік комиссияның қорытындысына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек беруге мұқтаж емес адамдарға (отбасыларға) тағайындалмайды.