Жиі қойылатын сұрақтар

Әкімшілік істі қарау рәсімі:

Басқарма өтінімдерді қарау бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.

Комиссия мүшелердің тақ санынан тұрады, кемінде 7 (жеті) адам . Комиссия төрағасы Комиссия отырысын өткізеді. Өтінім олар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тіркеледі және қаралады және мынадай іс шараларды жүзеге асырады:

1) ұсынылған құжаттар топтамасы келесі жағдайларда қараусыз қайтарылады:

- кәсіпкерлік субъектісінің құжаттар топтамасын толық ұсынбауы;

- осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес мерзімдерді сақтамау.

3) құжаттар топтамасын қайтару себептерін көрсете отырып, осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзім ішінде кәсіпкерлік субъектісіне құжаттар топтамасын жазбаша хабарламамен қайтаруды жүзеге асырады.

Құжаттар топтамасы кәсіпкерлік субъектісіне толық болмауына байланысты қайтарылған жағдайда хабарламада жетіспейтін құжаттардың тізбесі көрсетіледі. Хабарламада көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасының толық устранстігі жойылған кезде кәсіпкерлік субъектісі өтінімді қайта береді.

Өтінім беру мерзімдерін сақтамау себебінен құжаттар топтамасы қайтарылған жағдайда кәсіпкерлік субъектісі өтінімді осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген мерзімдерде қайта береді.

4) комиссия құжаттар топтамасы келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкестігін қарайды және мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

1) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес болған кезде кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау туралы;

2) осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес келмеген кезде кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы.

5) кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту үшін негіздер анықталған кезде кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектісінің алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

Тыңдау туралы хабарлама Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73-бабына сәйкес комиссия шешім қабылдағанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия шешімінің негізінде кәсіпкерлік субъектісін субсидиялау туралы нәтиже не кәсіпкерлік субъектісін субсидиялаудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.

6) Комиссия осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес мерзімдерде өтінімдердің түсуіне қарай отырыстар өткізеді.

7) комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және оған қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде интернет-ресурста орналастырылады, көшірмесі кәсіпкерлік субъектісінің атына жазбаша хабарламамен жіберіледі.

8) хаттама негізінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген)бекітілген бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларында көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған күнтізбелік жылдың 30 наурызына дейінгі мерзімде бюджеттік өтінімді толық көлемде қалыптастырады.

МЫСАЛ «Туризм-Астана» ЖШС туристік кешен құрылысына жұмсалған шығындардың бір бөлігін өтеу үшін субсидия алуға өтінім берді.

Өтінімді қарау барысында өтініш берушінің белгіленген талаптарға сәйкес келетіні, құрылыс бекітілген жобалық құжаттама негізінде жүзеге асырылатыны, жер учаскесіне құқық және нақты жұмсалған шығындар құжаттармен расталғаны анықталды. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келеді, субсидия мөлшері белгіленген тәртіппен есептелген, бюджет қаражаты бар.

Қарау нәтижесінде комиссия белгіленген қағидаларға сәйкес есептелген мөлшерде субсидия беру туралы шешім қабылдайды. Шешім өтініш беруші, объект, расталған шығындар және субсидия мөлшері туралы мәліметтер көрсетілген хаттамамен ресімделеді.

Талаптарға сәйкес келмеу, растайтын құжаттардың болмауы, дәйексіз мәліметтердің ұсынылуы, бюджет қаражатының болмауы немесе заңнамада көзделген өзге де негіздер анықталған жағдайда, комиссия субсидия беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Бас тарту туралы шешімде нақты бас тарту негізі және тиісті заңнама нормасы міндетті түрде көрсетіледі.

МАҚСАТ: Рәсімнің мақсаты туристік қызмет объектілерін салу және реконструкциялау кезінде шығындардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидия алуға кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қараудың ашық және регламенттелген тәртібін белгілеу, субсидиялауды ұсыну не одан бас тарту туралы шешімдер қабылдаудың объективтілігін қамтамасыз ету сондай-ақ заңнама мен бюджеттік тәртіп талаптарын сақтау болып табылады