Баспасөз хабарламасы

2025 жылғы 6-7 маусым күндері Алматы облысының медициналық мекемелерінің қызметкерлері арасында кешенді жарыстар өтеді.

Салтанатты ашылу рәсімі 6 маусым күні сағат 10:00-де өтеді.
Өтетін орны: «Нұр-Аман» спорт кешені, Қарасай ауданы, Жоғарғы Қаскелең тас жолы, 29/1.

Кешенді жарыстар маусым айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Медицина қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылуда. Жарыстар үш танымал спорт түрінен өтеді: футзал, волейбол және үстел теннисі.

Іс-шараның мақсаты – дәрігерлер мен медицина қызметкерлері арасында белсенді демалыс пен салауатты өмір салтын насихаттау, медициналық қоғамдастықты дене шынықтыру мен спортпен айналысуға жұмылдыру, өз денсаулығына деген ұжымдық жауапкершілікті қалыптастыру.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталады.

Жарыстардың ұйымдастырушылары:
Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы,
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы,
Алматы облыстық дене шынықтыру және спортты дамыту орталығы.

Байланыс телефоны: +7 778 643 7717 (Аубакирова Лейлим).