Пресс-релиз

 Ағымдағы жылдың 1 мамырында Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» өтеді.

Қатысушыларды тіркеу: 1 мамыр, сағат 8:30-9:30

Салтанатты ашылу рәсімі: 1 мамыр, сағат 10.00.

Басталуы: 10:00.  

Жарыс өтетін орын: Қонаев қаласы, Б.Соқпақбаев атындағы саябақ

Бұқаралық-спорттық шараға мемлекеттік қызметкерлер, білім және спорт мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қатысады. Қатысушылар үш топқа бөлінеді: қыздар мен әйелдер 2 км, 17 жасқа дейінгі ұлдар 4 км, 18 жастан жоғары ерлер 6 км қашықтыққа жүгіреді. Бұл спорттық шара Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен республикалық акция аясында өткізіледі.

Жарыстың мақсаты – еліміздегі қоғамдық келісімді сақтау және ұлттық бірлікті нығайту, облыс тұрғындарын дене шынықтыру мен спортқа баулу, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі марафон жарысынан кейін өтеді.

Ұйымдастырушылар: Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қонаев қалалық әкімдігі, Алматы облысы дене шынықтыруды және спортты дамыту орталығы.

Байланыс телефоны: +7 777 015 99 01 (Ерлан Маратұлы),

+7 707 320 0305 (Жұмабек Жұманиязов).