«Алматы облысы бойынша психологиялық қолдау оқу-әдістемелік орталығы» КММ

Орталық қызметінің негізгі түрлері:

  1. балаларға және олардың заңды өкілдеріне, педагогтарға жұмыс уақыты режимінде офлайн және онлайн форматта консультациялық психологиялық көмек көрсету және тәулік бойы Сенім телефондары бойынша онлайн консультация беру;
  2. балалардың психологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету бойынша ведомствоішілік және ведомствоаралық өзара іс-қимыл орнату және дағдарыстық жағдайларға, шағымдар мен өтініштерге жедел ден қою.

Орталық өз қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

1) консультациялық-дамытушы;

2) әдістемелік;

3) психологиялық-педагогикалық ағарту;

4) мобильді әрекет ету.