Әлеуметтік желілерде жеке тұлғалар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында ақылы көмек көрсететіні туралы хабарландырулар таратып жатыр. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бұл ЖК мен ЖШС-нің ешқандай қатысы жоқ, олар жеке кәсіпкерлік нысандары екенін естеріңізге саламыз.