Республикалық “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы

Республикалық “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы

Алматы қаласы бойынша жыл басынан бері 5 мыңға жуық сотталған пробация бақылауынан өтсе, бүгінгі таңда қала бойынша 3 мыңға жуық сотталған пробациялық бақылау есебіне алынған.

Республикалық “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы қаласындағы Пробациялық қызмет мамандары сотталғандарды тұрғылықты жерлері бойынша тексеріп шықты. Бұл жұмыс Алматы қаласы Полиция департаментінің учаскелік инспекторларымен бірігіп атқарылды және тексеру барысында пробация бақылауындағы сотталғандармен жаза өтеу тәртібін бұзбау туралы әңгімелер өткізілді.

«Учаске» ЖПШ кезіндегі он күн ішінде 161 сотталғанның шартты жаза өтеу тәртібін бұзғаны анықталып, 48 сотталғанға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған құқық бұзушылықтар ішінде негізінен ӘҚБтК-нің 440,441 және 492-баптары, яғни алкогольдік ішімдіктер ішу және тіркеусіз немесе жеке басты куаландыратын құжаттарсыз тұру сияқты құқық бұзушылықтар анықталды.

Сотталғандарды тексеру жұмысына Алматы қаласы полиция департаментіне қарасты полиция бөлімшелері мен пробация қызметінен 120 офицер тартылды.

Қызмет бағыты