АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЖ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ РЕСПУБЛИКА КҮНІН АТАП ӨТТІ

Торжественное мероприятие в Казахстане: почетный караул и ведущая на фоне большого экрана с надписью «25 ҚАЗАН РЕСПУБЛИКА КҮНІ».

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде Ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты жиында еліміздің Әнұраны шырқалып, Департамент бастығы әділет полковнигі Ерлан Ұзақов ардагерлер мен жеке құрамға  Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар ол өз атынан да құттықтау сөз арнады.

«Бүгінгі мереке барша қазақстандықтар үшін ерекше мереке. 25 қазан – Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып,   Қазақстанның тәуелсіздік жолындағы алғашқы іргетасы қаланған күн. Егемендік алған жылдан бері еліміз өзінің экономикалық жетістіктері  мен көпұлттардың арасындағы бірлігі арқылы әлем алдында зор беделге ие болды.

Еліміздің бүгінгі жетістігіне ардагерлеріміздің де қосқан үлесі мол. Олар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қылмыстық-атқару жүйесін қайта құруға және дамытуға зор үлес қосты.

Ұлттық мерекеде   елімізге тыныштық пен жарқын болашақ тілеймін»-деді Департамент басшысы.

Мерекелік жиында қызметте үздік көрсеткіштерге жеткен қызметкерлерге Департамент басшысының, Алматы қалалық әкімдігі мен қалалық прокуратура басшыларының Алғыс хаттары табысталып,  бірқатар қызметкерлер «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» және «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медаліне ие болды.

Қызмет бағыты