
Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) - шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.
Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- қала көшелерін (жолдарын) жыл бойы күтіп ұстау, бөлінген жолақта қоқыстарды жинау, оны тиеу және қоқыс төгетін жерге шығару, бөлінген белдеулердегі шөптерді шабу және оны жинау, жолдың көлік жүретін бөлігін тазалау және жуу, су ағызатын жыраларды көктемде қардан, жазда қоқыс, балшықтан тазарту, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық көліктердің аялдама кешендерін балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазарту;
- қысқы маусымда тайғаққа қарсы материалдарды дайындау, жолдарды қардан тазалау, жолдарды үйліп қалған қардан аршу, жолдардың жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, үйіліп қалған қарды тазалау, жолдың жүретін бөлігін қардан тазарту, оны мұзға қарсы материалдармен өңдеу және оларды қажетті уақыт өткеннен кейін жолдан тазартып алу, автобус аялдамаларын қар мен мұздан тұрақты тазартып отыру бойынша жұмыстарды орындау.
Кәсіпорын орналасқан жері: Көкмайса шағын ауданы, 26Е
Қабылдау бөлімінің телефоны: +7 (727) 252 62 15.
Факс: +7(727) 252 61 12
e-mail: almaty-tazalyk@bk.ru
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы № 4/545 «Алматы қаласы коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысының негізінде 2018 жылғы қаңтарда, Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматыэкологияқұрылыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны және ШЖҚ «Демалыс» МКК біріктіру және жарғылық капиталында мемлекеттің 100 % қатысуымен «EcoAlmaty» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін (бұдан әрі - Серіктестік) құру жолымен қайта ұйымдастырылды. Серіктестіктің жалғыз қатысушысы болып Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасы есептеледі.
Серіктестіктің жалғыз қатысушысы болып Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының шешімі негізінде, БСН 050240003614, Серіктестіктің Жарғысына 2017 жылғы 17 қыркүйекте және 2019 жылғы 10 шілдеде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.
Серіктестіктің негізгі қызмет түрлері мынадай:
1) мәдениет және демалыс саябақтары, тақырыптық саябақтар қызметіне, соның ішінде жасыл аймақтарды дамыту және пайдалануға қатысу;
2) Алматы қаласының сумен жабдықталуын қамтамасыз ететін су шаруашылығы жүйелері және құрылыстарын күтіп ұстау және пайдалану, сондай-ақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) Алматы қаласының өзендері және су айдындарын күтіп ұстау және пайдалануға қатысу;
4) Алматы қаласының жасыл екпелерінің деректер базасын жүйелеуге қатысу;
5) Дінмұхаммед Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын күтіп ұстау және пайдалану;
6) Алматы қаласының коммуналдық субұрқақтарын күтіп ұстауға қатысу;
7) жасыл екпелерді күтіп баптау және қорғау.
8) зиянды қалдык (құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды жинау);
9) зиянды қалдықтарды (құрамында сынап бар шамдар мен аспаптарды өңдеу және жою)»
10) Алматы қаласының қоршаған ортасының компоненттерін зерттеуге мониторингтік және талдау жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;
11) тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және экологиялық ағарту жүйесін жақсартуға қатысу;
12) қоғамдық қатынастарды реттеуге экожуйесін көзқарас орнатуға қатысу;
13) Алматы қаласындағы жузеге асып жатқан экология бағытындағы мемлекеттік саясатқа талдау жасау, оны жақсарту жолындағы ұсынастарды азаматтық қоғам институттарымен келісім алаңдары арқылы өткізу.
Сайты: www.eco-almaty.kz
E-mail:eco_almaty@mail.ru
Байланыс телефоны: +7(727) 242-39-69
Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Парк) биологиялық және ландшафты алуан түрлілікті сақтауға, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықтары бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және бірегей табиғи кешендерді табиғатты қорғау, экологиялық ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік табиғат ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіруге арналған табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесіне ие мекеме болып табылады.
Қазақстан Республикасының 07.07.2006 жылғы №175-ІІІ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 49 бабына сәйкес Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парк үшiн белгiленген режимi бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай мiндеттердi орындайтын, бiрақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесiне ие жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нұсқасы болып табылады.
Аталған Заңға сәйкес Парктің негізгі қызметіне мыналар кіреді:
«Медеу» МӨТП Алматы қаласы әкімдігінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 3/332 қаулысы негізінде құрылған.
Парктің аумағына Медеу, Шымбұлақ, Бутоковка шатқалдары кіреді және оның көлемі 708,2 га жерді алып жатыр. Парк аумағында функционалдық аймақтар мен кіші аймақтарды бөле отырып, жергілікті табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерді ескере отырып, пайдаланудың, қорғаудың сараланған режимі белгіленеді.
«Баум тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткіші.
Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы «Алматы қаласы коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес «Баум тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткіші «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен, соңынан оралымды басқару құқығында «Медеу» МӨТП» КММ-не өткізумен, республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданған болатын.
Қазіргі уақыта Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №4/452-3460 қаулысына сәйкес «Баум тоғайының» жер учаскесінің тұрақты жерді пайдалану құқығы оны пайдалану және қызмет көрсету үшін «Медеу» паркіне берілген.
Баум тоғайы аумағының жалпы көлемі - 137,7 га.
Мекенжайы: Әди Шәріпов көшесі, 90
Тел: +7(727) 2920291
E-mail: kgumedeu@mail.ru
Сайт: www.parkmedeu.kz

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 47 бабының 1 тармағына сәйкес үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің кооперативін басқарудың жоғары органы меншік иелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Қоқыс алаңын көшіру туралы мәселе осы органның құзыретіне жатады және жиналыстың күн тәртібіне енгізілуі тиіс.
Қоқыс алаңын көшіруге бастамашылық жасау үшін мынадай әрекеттер жасау қажет:
Меншік иелері арасында даулар туындаған немесе уәкілетті органдар ауыстыру мәселесіне байланысты келісуден бас тартқан жағдайда, мәселе сот тәртібімен шешілуі мүмкін.
Алматыдағы жер учаскелерінің иелері ағаштарды кесу немесе санитарлық мақсатта кесу үшін өтінішті «Электрондық үкімет» (E-gov) порталы арқылы беруге болады. Қызмет қолжетімді: E-license → Қоршаған ортаны қорғау → Ағаштарды кесуге рұқсат беру.
Өтінішті кім бере алады: мемлекеттік меншік құқығы туралы куәлігі бар жер учаскесінің иесі.
Рұқсат алудың тәртібі:
Шектеу: рұқсат сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктерге берілмейді. Заңсыз кесу әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкеледі.
Ағаштарды кесудің заңды жағдайлары: құрылыс, төтенше жағдайларды жою, санитарлық тазалау, аумақты абаттандыру және жасыл желекті күту, қоғамдық жерлердегі ағаштар мен бұталарды кесу.
Сұрақ бойынша байланыс: Алматы қаласының экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы, аудан әкімдіктерінің аппараты.
Тиісті рұқсатты алу үшін белгіленген тәртіппен құжаттар пакетін E-gov электрондық үкімет порталы арқылы электрондық нысанда беру қажет (бөлім: e-license → Қоршаған ортаны қорғау → ағаштарды кесуге рұқсат беру → Қызметке онлайн тапсырыс беру).