Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылуы мен нәтижелерін бағалау туралы ақпарат

 

 

Мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты қалыптастыру,
оның іске асырылу
мониторингі және нәтижелерін
бағалау қағидаларына
5-қосымша

 

Нысан

 

 

 

 Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде әлеуметтік жобалардың іске асырылуы мен нәтижелерін бағалау туралы ақпарат

Әлеуметтік жобаның атауы

Өнім берушінің атауы

Шарт сомасы (мың теңге)

Мақсаттары мен міндеттері

Жобаны іске асыру кезеңі

Әлеуметтік жобаны орындау процесі және өткізілген іс-шаралар

Нәтижелері (қойылған мақсаттарға қандай деңгейде қол жеткізуге болады)

Жобаның бағалау (орташа бағасы)

«Отбасын қолдау орталығы»

ҚҚ «Сәби тілегі»

 

                     30 000

 

«Отбасын қолдау орталығы» Жетісу ауданындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға «бір терезе» қағидаты бойынша құқықтық, психологиялық және әлеуметтік-білім беру мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық және ресурстық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

Отбасын қолдау орталығында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға арналған курстар, мотивациялық және психологиялық тренингтер өткізіледі. Сондай-ақ, аудандық «Бақытты отбасы» орталықтарының базасында «ISKER ANA» бағдарламасы жүзеге асырылады.

 

2025 жыл

 

  Іске асыру процесі мыналарды қамтыды:

  Орталықтың күнделікті қызметі (күніне 85 адамға дейін қабылдау);

Консультациялық, әдістемелік және құқықтық қолдау көрсету – 6 880;

Тренингтер мен оқыту курстарын өткізу – 250;

 

Отбасыларды мемлекеттік бағдарламалар мен қайырымдылық қорларына жүгіну кезінде сүйемелдеу – 200;

Азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу – 25;

Қайырымдылық көмекті тарату – 200.

Нақты нәтижелер:

Орталық қызметтерімен 2 250 адам қамтылды;

1 860 консультация және ресурстық қолдау көрсетілді;

 500 адамға әдістемелік және/немесе құқықтық көмек көрсетілді;

30тренинг өткізілді;

250 оқыту курсы ұйымдастырылды;

25адам тұрақты жұмысқа орналастырылды;

 300 жағдайда қайырымдылық көмек көрсетілді;

 3 грантты (400 АЕК-ке дейін) алуға жәрдем көрсетілді;

 320 отбасы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары бойынша сүйемелдеумен қамтылды;

 200 отбасы қорлар арқылы көмек алды.

Әлеуметтік әсері:

 Отбасылардың психологиялық және эмоциялық жағдайының жақсаруы;

Қақтығыстар мен дағдарыстық жағдайлар санының азаюы;

Ата-аналардың жауапкершілігі мен құзыреттілігінің артуы;

Әлеуметтік байланыстардың қалпына келуі және отбасылардың қоғам өміріне белсенді қатысуы;

Әлеуметтік қызметтерге деген сенімнің артуы;

 Кәсіби даярлау және қайта даярлау курстарының өткізілуі;

 Өзін-өзі жұмыспен қамтуды қолдау;

 Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу (бос жұмыс орындары жәрмеңкелері, консультациялар, сүйемелдеу);

 Тікелей қайырымдылық қолдау көрсету арқылы отбасылардың өмір сүру сапасының жақсаруы (20 жағдай);

 Әлеуметтік шиеленістің төмендеуі және қиын өмірлік жағдайларда қолдау көрсетілуі.

 Әлеуметтік шиеленістің төмендеуі төмендегі шаралар арқылы қамтамасыз етіледі:

 Халықтың осал топтарындағы мәселелерді ерте анықтау және шешу;

Психологиялық құқықтық және материалдық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету;

 Алдын алу іс-шараларын және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

 Халық пен әлеуметтік құрылымдар арасындағы сенімді нығайту.

 Қиын өмірлік жағдайларда көрсетілетін қолдау мыналарды қамтиды:

 Отбасыларға консультация беру және сүйемелдеу;

 Құжаттарды қалпына келтіруге, жәрдемақылар мен қызметтер алуға көмек көрсету;

 Дағдарыстық араласу (зорлық-зомбылық, айырылысу, жақынынан айырылу және т.б. жағдайларда);

 

Басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау және бағыттау.

Әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыру:

2 000-нан астам адам әлеуметтік қызметтермен қамтылды;

Аумақтық қолжетімділік -көшпелі жұмыс нысандарын ұйымдастыру;

Ақпараттық қолжетімділік — азаматтарды құқықтары, жеңілдіктері және қызметтерді алу тәртібі туралы жадынамалар, интернет-ресурстар және кездесулер арқылы ақпараттандыру;

Ұйымдастырушылық қолжетімділік — рәсімдерді оңайлату, өтініштерді қарау мерзімдерін қысқарту, электрондық сервистерді енгізу;

Әлеуметтік қолжетімділік -аз қозғалатын, егде жастағы, көпбалалы отбасыларға және өзге де осал санаттарға жеке тәсілді қамтамасыз ету.

Отбасылардың мүмкіндіктерін кеңейту білім беру, консультациялужәне сүйемелдеу арқылы жүзеге асырылады:

Білім беру:

Балаларды тәрбиелеу, қаржылық сауаттылық, отбасы мен бала құқықтары бойынша тренингтер, семинарлар және курстар өткізу;

 Тиімді қарым-қатынас, стрессқа төзімділік және өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру.

Консультациялау:

 Психологтар, заңгерлер және әлеуметтік қызметкерлермен жеке және топтық кездесулер өткізу;

 Тұрмыстық, тәрбиелік, эмоциялық және құқықтық мәселелерді шешуде қолдау көрсету.

 Сүйемелдеу:

 Дағдарыстық жағдайдағы отбасыларға ұзақ мерзімді қолдау көрсету;

 Жеке көмек жоспарларын әзірлеу, басқа мекемелермен (мектептер, емханалар, қамқоршылық органдары) өзара іс-қимыл жасау;

 Жағдайды тұрақты мониторингтеу және өзгерістерге сәйкес көмекті бейімдеу.

 Осы кешенді тәсіл отбасының ішкі әлеуетін нығайтуға және әлеуметтік қолайсыздықтың алдын алуға ықпал етеді.

 

Индикатор 100% деңгейінде орындалды.

 Жобаны іске асыру қорытындысы бойынша білім деңгейі мен дағдыларды қалыптастыру көрсеткіші артты, сондай-ақ қолданылған тәсіл отбасының ішкі ресурсын нығайтуға және әлеуметтік қолайсыздықтыалдын алуға ықпал етті.

 

4,5

 

«Шыңға өрлеу» әлеуметтік клубы жобасы

 

ҚҚ«Шыңға өрлеу»

 

                      37 200,0  

«Шыңға өрлеу» жобасын жүзеге асыру – өскелең ұрпақ пен үлкен буын арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, факультативтік сабақтар мен мәдени шараларды өткізу. Жоба 1–4 сынып оқушыларын қамтиды, оқу жылы бойына жұмыс күндері жүргізіледі. Сабақтардың ұзақтығы – 3 сағат, екі ауысымда өткізіледі, күніне 60 адамға, жылына 240 адамға дейін қамтуды қамтамасыз етеді.

2025 жыл

Жобаны орындау процесі:

 

«Шыңға өрлеу 2025» әлеуметтік жобасы Жетісу ауданы, Алматы қаласында аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың жан-жақты дамуына ықпал етіп, әр тәрбиеленушінің өзін-өзі ұйымдастыру қабілетіне оң әсерін тигізеді, шығармашылық және танымдық белсенділігін арттырады.

 

2025 жылдың қорытындысы бойынша:

Жобамен 267 тәрбиеленуші қамтылды;

Жыл басынан бері 21 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, оның 14-і СУСН санатына жатады;

Мектеп пәндері бойынша 928 сабақ өткізілді (үй тапсырмаларын орындау, қазақ, орыс, ағылшын тілдері, математика);

900 үйірме сабақтары ұйымдастырылды (IT-технология, домбыра, хореография, музыка, шахмат, тоғызқұмалақ, қолөнер, сурет, дене шынықтыру);

 475 тәрбиелік сабақ өткізілді (патриоттық, адамгершілік, рухани, физикалық тәрбие, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру);

5 ірі мәдени іс-шара ұйымдастырылды;

14 танымдық экскурсия өткізілді;

Барлық турнирлер мен олимпиадаларға белсенді қатысу – 8.

Балалар өз потенциалын, талантын және қабілеттерін ашады. Олар белгілі бір үйірме немесе секцияны таңдағанда өз қызығушылықтарына сүйенеді, уақытты қызығушылықпен өткізеді, достар табады және сүйікті ісінде үлкен нәтижелерге жетуге ұмтылады.

Жыл басынан бері өткізілген әртүрлі конкурстар мен олимпиадалар (математика, қазақ тілі, IT-технология, шахмат, мини-футбол, ағылшын тілі, сурет және қолөнер конкурстары) балаларда тек танымдық, интеллектуалдық шығармашылық ресурстарды ғана емес, сондай-ақ рефлексия қабілеті, стресс жағдайында жұмыс жасау дағдылары, төзімділік сияқты позитивті жеке қасиеттерді қалыптастырады. Сондай-ақ, тәрбиеленушілердің ойлау қабілеттері, танымдық әлемде бағдарлау қабілеттері дамытылып, қазіргі өмір шындығына дайындық жүргізіледі, үлкендерге деген құрмет пен қамқорлық сезімі қалыптасады.

2025 жылы 5 ірі мәдени-демалыс іс-шаралары ұйымдастырылды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған концерт (5 наурыз);

3 сәуір – Наурыз мерекесіне арналған «Ата салты – алтын мұра» фестивалі, Сарыарқа отбасы саябағында;

30 мамыр – Балаларды қорғау күніне арналған спорттық ойындар («Көңілді старттар», шахмат, тоғызқұмалақ), №42 мектеп аумағында;

2 шілде – Домбыра күніне арналған Наурызбай ауданы оқушыларынң инновациялық шығармашылық орталығында, қалалық «Шыңға өрлеу» клубтары арасында V қалалық балалар шығармашылығы фестивалі «Домбыра самға, Қазақстан жайна»;

«Шыңға өрлеу» туған күніне орай Алматы циркінде тәрбиеленушілерге қайырымдылық шарасы.

Жобаны жүзеге асыру барысында балалар басқа ұйымдарға мастер-класстар мен сапарларға қатысты. 2025 жылы 27 музей, театр, кинотеатр және Алматы қаласындағы басқа да мәдени орындарға іс-сапар ұйымдастырылды.

 Медиа бойынша тұрақты жарияланымдар – 20-дан астам; 1000-нан астам буклет, брошюра, плакат, парақша, бейнежазба және баннер шығарылды. Клубтағы іс-шаралар туралы ақпарат: чаттар, Instagram, Facebook, Whatsapp және т.б. – 700-ден астам рет жарияланды. Instagram желісінде 1600-ден астам жазылушы бар. Әлеуметтік желілерде, пікір кітабында, сауалнамада 4120-дан астам оң пікір алынды.

Психолог тарапынан:

267 балаға жеке психодиагностика жүргізілді;

60 ата-анаға жеке консультация;

 80 педагогқа жеке консультация өткізілді.

 Осылайша, жобаны іске асыру процесі:

«Шыңға өрлеу 2025» әлеуметтік жобасы техникалық жоспарға сәйкес, басымдықтағы мақсатты топ – аз қамтылған (көпбалалы және толық емес) отбасылардан шыққан балаларды қамту арқылы жүзеге асырылды.

 Негізгі жүзеге асыру кезеңдері мыналарды қамтыды:

Ақпараттық және іріктеу науқаны: тәрбиеленушілерді тарту мақсатында халықпен және мектептермен жұмыс жүргізу.

 Білім беру және дамытушылық бағдарламаларды ұйымдастыру: сабақтар, тренингтер, үйірмелер, шығармашылық шеберханалар өткізу.

 Көшпелі демалысты ұйымдастыру: театрлар, музейлер және басқа да көрнекті орындарға іс-сапарлар ұйымдастыру.

 Әлеуметтік сүйемелдеу: жеке консультациялар, тәлімгерлік, әлеуметтік бейімделуге көмек көрсету.

 Тиімділікті мониторингтеу: кері байланыс жинау, сауалнама жүргізу.

 

4.5

«Ten qogam» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы» жобасы

 

ҚҚ«Сәби тілегі»

25 186,0  

 

Орталық қызметінің мақсаты – мүгедектігі бар тұлғаларға психологиялық қолдау көрсету, олардың жұмыс іздеу және жұмыспен қамту саласындағы мүмкіндіктерін арттыру, жұмыс орындарын сақтау және қоғамда тиімді бейімделуін қамтамасыз ету.

«Ten Qogam» қолдау орталығының негізгі бағыттары:

ЭЦП ашу және Egov.kz порталы арқылы қызметтерді алу бойынша көмек көрсету;

Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс жүргізу;

мүгедектігі бар тұлғалар мен олардың отбасыларына қажетті психологиялық көмек көрсету;

 

Жаңа бизнесті бастау немесе қолданыстағы бизнесті дамытуға онлайн өтінім беру, мемлекеттік гранттарға қатысуға көмек көрсету;

Кәсіпорындар  а қысқа мерзімді тағылымдамаларды ұйымдастыру;

Құқықтық көмек көрсету;

Мүгедектігі бар тұлғалардың еңбек және кәсіби мүмкіндіктерін анықтау.

2025 жыл

Мүгедектігі бар тұлғаларды психологиялық қолдау, олардың жұмыс іздеу және жұмыспен қамту мүмкіндіктерін арттыру, жұмыс орындарын сақтау және қоғамда тиімді бейімделуін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жоба.

«Ten Qogam» қолдау орталығының негізгі қызмет бағыттары:

ЭЦП ашу және Egov.kz порталы арқылы қызметтерді алу бойынша көмек көрсету;

 

Әлеуметтік қызметтер порталында жұмыс жүргізу;

 

Мүгедектігі бар тұлғалар мен олардың отбасыларына қажетті психологиялық көмек көрсету;

Жаңа бизнесті бастау немесе қолданыстағы бизнесті дамытуға онлайн өтінім беру, мемлекеттік гранттарға қатысуға көмек көрсету;

Кәсіпорындарда қысқа мерзімді тағылымдамаларды ұйымдастыру;

Құқықтық көмек көрсету;

Мүгедектігі бар тұлғалардың еңбек және кәсіби мүмкіндіктерін анықтау.

Жобаның қорытындысы бойынша еңбек саласындағы мамандықтарға сұраныс артты, сондай-ақ адал және саналы еңбегімен елдің дамуына үлес қосып жүрген адамдардың беделі көтерілді.

4,4

«Белсенді ұзақ өмір орталығы» жобасы

«Қазақстан адам ресурстарын дамыту институты» қоғамдық қоры

және

«Ана арманы – бала жүрегі» қоғамдық қоры

62 613,0  

Қарттар үшін күндізгі болу қызметтері.

ЦАД Айнабулак шағын ауданында 100 адамға қызмет көрсетеді, ал 2024 жылғы наурыз айында Кемел шағын ауданында жаңа филиал ашылды, қамтуы – 0 адам.

2025 жыл

Жоба аясында мобильді қызмет арқылы 300-ден астам адамға құқықтық консультация көрсетілді. 30 істі қарастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетілді (өтініштер, талап арыздар, құжаттарды дайындау және т.б.).

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде зейнеткерлерге мемлекеттік әлеуметтік қолдаудың қазіргі қолданыстағы формаларымен танысуға және әлеуметтік қамтамасыз етуге қатысты өзекті мәселелерді талқылауға көмек көрсетілді.

 Есептік кезеңде жобаның мақсаттары мен міндеттерін іске асыруда елеулі жетістіктерге қол жеткізілді. Кең ауқымды іс-шаралар өткізілді, мүмкіндігінше көп қатысушылар қамтылды, веб-сайт пен әлеуметтік желілер арқылы ақпараттық база кеңейтілді. Болашақта іс-шаралар санын арттыру, бағдарламалар бағыттарын кеңейту, жаңа демалыс және білім беру формаларын енгізу, сондай-ақ мамандардың кәсіби деңгейін көтеру жоспарлануда.

4,7

 

Жарияланған күні

19 қаңтар 2026 10:47

Жаңарту күні

19 қаңтар 2026

Срок публичного обсуждения

19 қаңтар 2026