«Аяла» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ
"Аяла" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ 2 бағытта-жартылай стационар жағдайында және үй жағдайында жұмыс жүргізеді.
Психоневрологиялық аурулары бар және ТҚА бұзылған мүмкіндігі шектеулі балалар жартылай стационар жағдайында 68 бала ҚЫЗМЕТ алады.
Үйде 2 бөлімше жұмыс істейді:
- 18 жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар және ТҚА бұзылған мүгедектерге арналған бірінші бөлімше -58 адам қызмет алады;
- екінші бөлім 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған, 56 балаға қызмет көрсетіледі.
Жартылай стационар жағдайында мынадай мамандар қызмет көрсетеді:психолог, логопед, дефектолог, массажшылар, тәрбиешілер, невропатолог, еңбек терапиясы, иппотерапия, жүзу, ЕДШ бойынша нұсқаушылар.