«Шапағат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ
"Шапағат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – Орталық) Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартына сәйкес ашылған.
Бөлінген бюджеттік қаражаттың жалпы сомасы-219 млн.теңге.
Қызмет алушылардың санаттары: психоневрологиялық патологиялары және тірек-қимыл аппараты бұзылған 1,5 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар. Арнаулы әлеуметтік қызметтер тамақтану және тасымалдау қызметтерінің нормаларына сәйкес күніне бес рет тамақтандыруды ескере отырып, 8 сағаттық режимде көрсетіледі.
Орталықта келесі арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі: әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық.