"Сенім" қызмет көрсету ортылығы" КММ

"Сенім" әлеуметтік қызметтер орталығы" КММ (бұдан әрі-Орталық) психоневрологиялық аурулары бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балалардың тұруына арналған стационарлық үлгідегі медициналық–әлеуметтік мекеме болып табылады.
Орталық арнайы құрал-жабдықтармен, АБҚ кабинетімен, оқу сыныбымен, сенсорлық кабинетпен, физио-кабинетпен, дефектолог, логопед, ЕДШ кабинеттерімен жабдықталған.
Орталық ДЦП, Даун ауруы, ауыр және терең ақыл-ой кемістігі, ақыл-ой және моторлық дамуы тежелген диагноздары бар күрделі құрылымы бар,тәулік бойы ұсталатын мүгедек балаларға қызмет көрсетеді.
Арнаулы әлеуметтік қызметтің 8 түрі көрсетіледі(әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-мәдени).