Бүгін, қала құрылысы, тұрғын үй және жерді пайдалану жөніндегі комиссияның жұмысы аясында салынып жатқан "Түрксіб ауданы Жас-Қанат шағын ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру орталығына" құрылыс жүргізу кестесі сұрақтары бойынша нысанға бірлесіп шығу жүзеге асырылды. Комиссия құрамында Алматы қаласы мәслихатының депутаты, қала құрылысын бақылау басқармасының өкілі, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, Түрксіб ауданы "Nur Otan"төрағасының орынбасары және Жайлы қалалық орта басқармасының орынбасары қатысты.