Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі семинар

Алматы қаласы әкімінің аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мамай Қаниұлы Ахетовтың қатысуымен Алматы қаласы Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында Әдеп кодексінің талаптары, лудоманияның (құмар ойындарға тәуелділіктің) алдын алу, мемлекеттік қызметшілер мен дін мәселелері, сондай-ақ еңбек тәртібін сақтау тақырыптары бойынша семинар өткізілді.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі мен мінез-құлық мәдениетін сақтау талаптары, олардың қоғам алдындағы жауапкершілігі және адалдық қағидаттары атап өтілді. Әсіресе, лудоманияның жеке тұлғаға, оның отбасына, қызметтік ортаға және тұтастай алғанда қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізетін теріс әсерлері жан-жақты түсіндірілді. Мемлекеттік қызмет – жоғары жауапкершілікті, адалдық пен мінез-құлықтың үлгісін талап ететін сала екені назарға алынып, әрбір қызметші өз мінез-құлқы мен өмір салтының талапқа сай болуына ерекше мән беру қажеттігі атап өтілді.
Сонымен қатар семинарда мемлекеттік қызметшілердің ұстануға міндетті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген шектеулер мен талаптар қарастырылды.