Жалпы ақпарат

Басқарма туралы

«Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында жол қозғалысының қауіпсіздігін ұйымдастыруды, автомобиль жолдарын салу және жөндеу, жол инфрақұрылымы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының миссиясы:

Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес қолжетімді және қауіпсіз көлік жүйесін қалыптастыру.

Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының мақсаты:

Алматы қаласы халқының мобилділігін арттыру.

Алматы қаласы жол инфрақұрылымын дамыту басқармасының міндеттері:

  • Жол-көлік инфрақұрылымын дамыту;
  • Автомобиль жолдарында қауіпсіздік деңгейін көтеру;
  • Велосипед және жаяу жүргіншілер мобилділігін жасау;
  • Автотұрақ кеңістігінің жүйесін дамыту.

 

 

Қызмет бағыты