Әдеп пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау: Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасында мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту семинары өтті

Алматы қаласы Қалалық мобильділік басқармасында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері, сонымен қатар Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеуді өткізу бойынша семинар өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, қала әкімі кеңесшісі Ахетов М., ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіның өкілдері.
Семинар барысында мемлекеттік қызмет тәжірибесінен алынған нақты жағдайлар қарастырылып, этикалық нормалар мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды бұзудың салдары нақты мысалдармен көрсетілді. Спикерлер Әдеп кодексінің негізгі ережелерін түсіндіріп, әрбір қызметкердің ашықтық, адалдық және парасаттылық қағидаттарын сақтау бойынша дербес жауапкершілігін атап өтті, сондай-ақ қатысушылардың өзекті мәселелер бойынша сұрақтарына жауап берді. Сонымен қоса, Президенттік жастар кадр резервінің іріктеу кезеңдері түсіндірілді.
Мемлекеттік органдарда адал және ашық корпоративтік мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Іс-шара барысында сөз сөйлегендер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және этикалық сауаттылығын жүйелі түрде арттырудың маңыздылығын атап өтті, бұл – халықпен тиімді әрі сенімді қарым-қатынасты орнатудың басты шарты.