Жалпы ақпарат

Алматы қаласы Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы
Әкімдіктің басқармалары
Алматы қаласының Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы – жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау және азаматтық қорғаныс, сейсмикалық қауіпсіздік, сондай-ақ азаматтарды әскери қызметке шақыру салаларындағы мемлекеттік саясатты іске асыратын мемлекеттік орган. Басқарма мемлекеттік органдар мен қызметтердің өзара іс-қимылын үйлестіреді, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады, сейсмикалық қауіпсіздік жүйесін дамытуға, халықты төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуге үйретуге және қаланың қауіпсіз әрі тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады.