GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Лого
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Басқарма туралы
Онлайн қабылдау
Все материалы
24 июля 2026
Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды аяқтау туралы

Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың аяқталғаны туралы хабарлайды, талдау нәтижелерімен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-energy/documents/details/1046955?lang=kk 

Энергетика және сумен жабдықтау
Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы
13 июля 2026
Алматыда 14-15 шілдеде жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі

2026 жылы 14 шілдеде Алмалы және Жетісу аудандарының аумағында Райымбек даңғылы - Бродский көшесі - Рысқұлов даңғылы - Сейфуллин даңғылы аумағында жылу желілеріне гидравликалық сынақ жүргізіледі. Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС өкілдері хабарлады.

Сондай-ақ, 2026 жылы 15 шілдеде сынақтар Алатау және Жетісу аудандарының аумағында Яблочков - Азовская - Рысқұлов - Серіков - Ратушный - Ангарская - Үлкен Алматы каналы бойымен - Момышұлы - Аққайнар кенті - Мөңке би - Боралдай көшелері аумағында өтеді.

Магистральдық және тарату құбырларын тексеру кезінде, таңғы сағат 04:00-ден 07:00-ге дейін қала тұрғындары мен мегаполис қонақтарына қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады.

Қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына қарамастан, судың жер бетіне шығуы, жол жабынының ішінара бұзылуы сынды штаттан тыс жағдайлар болуы мүмкін.

Мұндай жағдайда ешқандай өз бетінше әрекет жасамаңыз, оқиға орнынан дереу кетіп, бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС-не мына телефондар арқылы хабарлаңыз: 351-27-62 (тікелей нөмір), байланыс орталығы: 341-07-00 немесе 341-07-77 (қосымша 1011 немесе 1014), сондай-ақ 109 нөмірі бойынша.

Аталған аумақтарда тұратын тұтынушылар үшін ыстық сумен жабдықтау толық сақталады.

Гидравликалық сынақтар жылу желілерінің, олардың жабдықтарының жай-күйін тексеру және алдағы жылыту маусымына қаланың жылу шаруашылығын дайындау аясында құбырлардың күрделі учаскелерін анықтау үшін жүргізіледі. Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды сұраймыз!

10 июля 2026
2026 жылғы СЖТІТ нәтижелерін жария талқылауға орналастыру туралы хабарландыру

Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» № 4 ҮЛГІЛІК БАЗАЛЫҚ БАҒЫТЫ жобаларын іске асыру жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес 2026 жылға арналған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың (СЖТІТ) аяқталғанын хабарлайды және оның нәтижелерін жария талқылау үшін орналастырады («Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманың жобасы қоса беріледі).

Жүргізілген СЖТС нәтижелеріне қатысты ұсыныстар мен ескертулер 2026 жылғы 17 шілдеге дейін u.energy@almaty.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-energy/documents/details/1041415?lang=ru 

02 июля 2026
Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау: Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасында мемлекеттік қызметшілерге арналған оқыту семинары өтті

2026 жылғы 30 маусымда Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелеріне арналған оқыту семинары өтті. Іс-шараға Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі, Алматы қаласы әкімдігі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ахетов Мамай Қаниевич қатысты.

Семинар барысында спикер мемлекеттік қызмет тәжірибесінен алынған нақты мысалдарды ұсынып, әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзудың салдарын жан-жақты түсіндірді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің негізгі қағидаларына тоқталып, әрбір қызметкердің ашықтық, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын сақтаудағы жеке жауапкершілігінің маңызын атап өтті. Кездесу соңында қатысушылардың өзекті тәжірибелік мәселелер бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.

Іс-шара аясында мемлекеттік органдарда адалдыққа негізделген әрі ашық корпоративтік мәдениетті қалыптастыру мәселелері де қарастырылды. Спикер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әдептік сауаттылығын жүйелі түрде арттыру мемлекеттік қызметке деген қоғам сенімін нығайтудың және халықпен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттырудың маңызды шарты екенін атап өтті.

12 июня 2026
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы анонс

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларының 2, 4-тармақтарына сәйкес, «Алматы қаласы Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы» КММ қызметінде 2026 жылы келесі бағыттар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі:

- Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде;

- ұйымдастыру-басқару қызметінде.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда сіз келесі телефон арқылы хабарласа аласыз: 8 (727) 225-11-91, 8 (727) 225-11-83 Оңалбаев Ұлан Айтидантұлы.

13 мая 2026
Алматы қаласының «Думан» шағынауданында сумен жабдықтау жүйесінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда

Алматы қаласы Медеу ауданының «Думан» шағынауданында 2026 жылдың II тоқсанында техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою және сумен жабдықтау жүйесінде авариялық-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Алматы қаласы Медеу ауданы әкімі аппаратының 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 2 шешіміне сәйкес, тұрғындарды сенімді және үздіксіз сумен қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдау қажеттілігіне байланысты шағынаудан аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Жоба Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасымен инженерлік инфрақұрылымның сенімділігін арттыру және халықты тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылуда.

Жұмыстар аясында жалпы көлемі 2000 м³ болатын екі таза су резервуарын салу, учаскенің тіреу конструкцияларын орнату, диаметрі 273 мм болатын ұзындығы 3,5 км екі желілі магистральдық су құбырын салу, сондай-ақ диаметрі 273 мм болатын ұзындығы 1 км екі желілі авариялық құбыр тарту көзделген.

Жобаны іске асыру сумен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын арттыруға, авариялық жағдайлардың туындау тәуекелдерін азайтуға және «Думан» шағынауданы тұрғындарын ауыз сумен үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы
06 апреля 2026
Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Алматыда 2025-2026 жылдарға арналған жылыту маусымын аяқтау туралы шешім қабылданды. Қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, ауа райының жылынуына және сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасының бес тәулік қатарынан +8 градустан жоғары тұрақты сақталуына байланысты, жылу беру 3 сәуірден бастап кезең-кезеңімен тоқтатылады.

Жылу жүйесін өшіру жұмыстары белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады: алдымен әкімшілік ғимараттар, кейін тұрғын үйлер, ал ең соңында әлеуметтік нысандар қамтылады.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, жылыту маусымы қалыпты режимде өтті. Қала тұрғындарына жылу мен электр қуаты тұрақты жеткізіліп, жылу көздері мен желілеріндегі температуралық талаптар толық сақталды.

Жылыту кезеңінде қала қызметтері жоғары дайындық режимінде жұмыс істеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету мақсатында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген апаттық бригадалар жасақталды. Жалпы алғанда, 104 апаттық бригада құрамында 400-ге жуық маман және 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

2025 жылы жылумен жабдықтау жүйесінің сенімділігін арттыру бағытында кешенді жұмыстар жүргізілді. Соның нәтижесінде 39 шақырым жылу желісі жаңғыртылып, 17 қазандық жаңартылды, сондай-ақ 67 қазандықта жөндеу жұмыстары атқарылды. Қабылданған шаралар жылыту маусымы барысында жылудың үздіксіз берілуін қамтамасыз етіп, техникалық ақаулардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Энергетика және сумен жабдықтау
Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы
18 декабря 2025
Дархан Сатыбалды: Алматыда жыл сайын кемінде 130 шақырым инженерлік желі жаңартылып отырады

Алматыда әр кезеңде салынған инженерлік желілердің күрделі жүйесі қалыптасқан. Бұл жүйе тұрақты түрде дамытуды және жаңартуды талап етеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша, 2026 жылдың соңына дейін «Ақсай», «Нұрлы Тау» және «Барлық» су алу құрылыстарының, сондай-ақ 460 шақырым су құбыры желілерінің құрылысы аяқталады. Бұл шаралар қаладағы 232 мың тұрғынды тұрақты ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келесі жылы ұзындығы 19 шақырым болатын үлкен диаметрлі коллектор, сондай-ақ қаланың оңтүстік, орталық және шығыс бөліктерінен сарқынды суларды ағызуға арналған жалпы ұзындығы 33 шақырым болатын 3 кәріз коллекторы салынады. Ұзындығы 30 шақырымнан асатын жаңа Батыс коллекторы Алматының батыс бөлігін және облысқа іргелес аумақтарды қамтиды.

«Энергетика саласында Наурызбай, Алатау және Медеу аудандарында иесіз қалған 147 шақырым желіні қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Батыс жылу кешенін кеңейту және қуаты 100 МВт болатын екі қазандық агрегатты орнату қаладағы 250 мың тұрғынның жылумен қамтылуын жақсартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ «Шығыс қақпасы» және «Кірпіш» 110 кВ қосалқы станцияларын салу қаланың шығыс бөлігіндегі келешегі бар аудандарды сенімді электр қуатымен қамтамасыз етеді. Жалпы жыл сайын кемінде 130 шақырым инженерлік желіні жаңарту көзделген. Оның ішінде: су құбыры желілері – 35 шақырым, кәріз жүйесі – 10 шақырым, жылу желілері – 39 шақырым, электр желілері – 45 шақырым», – деді Дархан Сатыбалды.

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық
Энергетика және сумен жабдықтау
10 декабря 2025
Әкімнің орынбасары Алмасхан Сматлаев Алматыдағы инженерлік желілерді кешенді жаңғырту туралы айтты

Алматыда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды кең ауқымда жаңарту жүріп жатыр. Бұл жұмыс аясында жылу, электр, су құбыры және кәріз жүйелерін қайта құру, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар суқабылдағыштар салу жобалары қолға алынған. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеп, 2025 жылғы нәтижелер қала жүйелерінің тұрақтылығын арттыруда және қыс маусымына дайындықта шешуші рөл атқарғанын жеткізді.

Алмасхан Сматлаевтың айтуынша, биыл 39 шақырым жылу желісі мен 17 қазандық жаңғыртылды. Соның арқасында жылу желілерінің тозу деңгейі 56,1%-дан 54,3%-ға, ал қазандықтардың тозуы 65,1%-дан 62,1%-ға төмендеді. Электр желілерін жаңарту да қарқын алған: 221 шақырым желі ауыстырылған, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 238 шақырымға жетуге тиіс.

Сумен жабдықтау жүйесін жаңарту да қолға алынған: 330,7 шақырым жаңа су құбыры салынды, 60 шақырым желі жаңғыртылды. Соның нәтижесінде су құбырларының тозу деңгейі 53,8%-дан 51%-ға төмендеді. Ал кәріз жүйесінде 306,4 шақырым желі салынды, 5,5 шақырым құбыр жаңғыртылды, бұл тозу көрсеткішін 49,5%-ға дейін азайтуға мүмкіндік берді.

Әкім орынбасары жаңа суқабылдау нысандарының құрылысына ерекше тоқталды. Оның айтуынша, «Ақсай» суқабылдағышы 95%-ға дайын және ол қаланың батыс және тауға жақын аймақтарындағы 140 мыңға жуық тұрғынды сумен қамтамасыз етеді. Нысан 2026 жылы мамырда, тасқын кезеңінен кейінгі сынақ-реттеу жұмыстарынан соң іске қосылады. «Ерменсай» суқабылдағышы 2026 жылдың қарашасында аяқталып, Бостандық ауданының оңтүстік-шығыс бөлігіне су береді.

Апаттық жағдайлар туралы айтты келе, Сматлаев 13 қараша күні Алатау ауданында болған ірі электр апатын мысалға келтірді: газ құбырын тарту кезінде мердігер 110 кВ кабелін зақымдап, 32 мыңнан астам тұтынушы жарықсыз қалған. Дегенмен, апат бір тәуліктің ішінде толық жойылған. Келтірілген 64 млн теңге шығын толық көлемде кінәлі компанияға жүктелді.

Әкімнің орынбасары мердігерлерге қойылатын талаптардың күшейгенін атап өтті: бірнеше компания лицензиясынан айырылды, 30-дан астам сот талап-арызы әзірленді, ал барлық техникалық келісім енді тиісті басқармалармен бірлесіп қана жүргізіледі.

«Біз жұмысты сапалы әрі уақытында орындауға қабілетті, тәжірибелі де тәртіпті мердігерлерді қалыптастырып жатырмыз. Алматының инфрақұрылымы сенімді болуға тиіс және ондаған жылға есептелуі керек», — деді Алмасхан Сматлаев.

Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық
Алматы қаласының энергетика және сумен жабдықтау басқармасы
06 декабря 2025
Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал тұрғындарды газбен қамту жалғасып жатыр

Алматыда әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы азаматтардың тұрғын үйлерін газдандыру жобасы қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Жобаның мақсаты – ерекше қолдауды қажет ететін тұрғындарды сенімді әрі қауіпсіз газбен қамту.

Жоба Алматы қаласы әкімдігінің, «Халық банк» АҚ және «Халық» қайырымдылық қорының қолдауымен іске асырылып жатыр. Бұл жұмыс қарқынын айтарлықтай жеделдетіп, қосылу ауқымын кеңейтуге мүмкіндік берді.

Газдандыру кезең-кезеңмен жүргізіліп, үй иесіне толықтай дайын күйде беріледі. Әлеуметтік осал санатқа жататын тұрғындар есептегіш құралдарды, газ жабдығын, жылыту радиаторларын және басқа да қажетті материалдарды сатып алмайды, барлық шығынды қор өтейді.

Көмек алушылардың тізімін газға қосылу ақысын өз бетінше төлеуге мүмкіндігі жоқ азаматтар арасынан жергілікті атқарушы орган анықтайды.

Бүгінде 50 үйде құрылыс-монтаж жұмысы аяқталып, соның 42-сі газға қосылды. Тұрғындар заманға сай газбен қамтудың артықшылықтарын пайдалана бастады.

Сонымен қатар мамандар екінші кезеңнің қамын жасап, үйлерді аралап, құжат реттеу мен жаңа өтініштерді қарастыруды қолға алған.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы