Жиі қойылатын сұрақтар

Алматы қаласы Мемлекеттік активтер басқармасы коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алады.

Аталған Қағидалармен мемлекеттік алаңдарды мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібі айқындалған.

Қағидаларға сәйкес бос тұрған және бос үй-жайлар туралы ақпаратты объектінің баланс ұстаушысы ұсынады және ол https://e-qazyna.kz веб-порталында электрондық форматта орналастырылады.

Қағидаларға сәйкес Басқарма тендер өткізеді, оған кез келген жеке немесе заңды тұлға қатыса алады. Жалға алу объектісі үшін жалдау ақысының ең жоғары сомасын ұсынған қатысушы тендердің жеңімпазы болып танылады.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Сізге қолайлы объектілерді қадағалау мақсатында https://e-qazyna.kz порталына тұрақты түрде мониторинг жүргізуді ұсынамыз