Жиі қойылатын сұрақтар
Әлеуетті өнім берушілердің осы Қағидалардың 172-тармағының 3) тармақшасына сәйкес веб-портал арқылы конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру туралы сұрау салулары келіп түскен кезде конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру мәтіні конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
Осы Қағидалардың 40-тармағында көзделген жағдайда конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшеліктің, Шарттың және біліктілік талаптарының (бар болса) жобаларына ескертулер мен сұрау салулардың ережелерін түсіндіруді және (немесе) бас тартуды Тапсырыс беруші жүзеге асырады.
Конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелік, шарт және біліктілік талаптары (бар болса) жобаларының ережелерін түсіндіру мәтіні конкурстық құжаттама жобасын алдын ала талқылау хаттамасында көрсетіледі.
Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, Бірыңғай ұйымдастырушы не бірыңғай оператор Заңның 6-бабының 10-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурс, Аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін енгізілген қамтамасыз етуді қайтарады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алу мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай ақпараттық жүйе болып табылатын мемлекеттік сатып алудың веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулар, олардың қатысушылары, жасалған шарттар туралы ақпарат және мемлекеттік сатып алу саласындағы өзге де мәліметтер Порталда ашық қолжетімді түрде орналастырылады және барлық мүдделі тұлғалардың танысуына қолжетімді.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 189-тармағына сәйкес, конкурсқа қатысуға өтінім конкурстық құжаттамада көрсетілген оны ұсынудың түпкілікті мерзімі аяқталғанға дейін веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында беріледі және әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген талаптар мен шарттарға келісімін, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі № 106 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 7-бабында белгіленген біліктілік талаптары мен шектеулерге сәйкестігін растайтын ол туралы мәліметтерді алуға келісімін білдіреді.
Жекешелендіру және сенімгерлік басқару объектілеріне қатысты барлық ақпарат мемлекеттік мүліктің e-qazyna.kz. веб-порталында орналастырылады, онда кез келген жеке және заңды тұлға қатыса алады.
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру Қағидаларына және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартына сәйкес жүзеге асырылады.
Қағидаларға сәйкес Коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі Комиссияның қарауына енгізілетін Объектіні сенімгерлік басқаруға беру жөніндегі шарттарды дайындау және мерзімді айқындау жүргізіледі.
Тиісті шешім қабылданғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы әзірленеді.
Осыдан кейін, тендерлік комиссия өткізіледі.
Содан кейін, мемлекеттік мүліктің e-qazyna.kz веб-порталында тендер өткізу туралы хабарлама жарияланады.
Содан кейін, тендер өткізіліп, қорытындылар шығарылады. Тендер жеңімпазымен шарт жасалғаннан кейін, Объект қабылдау-тапсыру актісі бойынша сенімгерлікпен басқарушыға беріледі.
Коммуналдық меншік объектілерін жекешелендіру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген Жекешелендіру объектілерін сату Қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Жекешелендіру объектісі Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының төрағалығымен коммуналдық меншіктегі заңды тұлғалар мен жылжымайтын мүлік объектілерін оңтайландыру мәселелері жөніндегі Комиссияның қарауына коммуналдық меншік объектісін сату мәселесі шығарылады.
Тиісті шешім қабылданғаннан кейін Алматы қаласы әкімдігінің қаулысы шығарылады, жекешелендірілетін объектіге бағалау жүргізіледі, мемлекеттік мүліктің e-qazyna.kz. веб-порталында сауда-саттық өткізу туралы хабарлама жарияланады, содан кейін сауда-саттық өткізіліп, қорытындылар шығарылады. Сауда-саттық жеңімпазымен шарт жасалғаннан кейін және Объект сатып алушыға қабылдау-тапсыру актісі бойынша беріледі.
Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру қағидаларын» (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алады.
Қағидаларға сәйкес объект жөніндегі ақпарат мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы https://e-qazyna.kz мекенжайы бойынша заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, электрондық форматта орналастырылады.
Объектіні мүліктік жалға (арендаға) беру https://e-qazyna.kz веб-порталы арқылы тендер өткізу жолымен жүзеге асырылады.
Қағидалардың 31-тармағына сәйкес, тендер сейсенбіден жұмаға дейін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңында көзделген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, өткізіледі. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша 10:00-ден 13:00-ге дейін басталып, өткізу күні аяқталады.
Қағидалардың 35-тармағына сәйкес, тендердің жеңімпазы тендерге қатысушы талаптарға сәйкес келген және объектіні жалға алу үшін ең жоғары жалдау ақысы мөлшерін ұсынған өтінім беруші болып танылады.
Алматы қаласының мемлекеттік активтер басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалға (арендаға) беру қағидаларын» (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алады.
Қағидаларға сәйкес артық және пайдаланылмайтын объектілерді мүліктік жалға (арендаға) беру үшін баланс ұстаушы (мемлекеттік заңды тұлғалар) объект жөніндегі ақпаратты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Басқарманың атына ұсынады және заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын (ЭЦҚ) пайдалана отырып, https://e-qazyna.kz веб-порталында электрондық форматта орналастырады.
Ақпаратта объектінің атауы, қысқаша сипаттамасы (саны, өлшем бірлігі), сондай-ақ объектінің кемінде үш түрлі ракурстан түсірілген фотосуреттерінің электрондық көшірмелері, техникалық паспортқа сәйкес орналасу сызбасы, орналасқан жері, нысаналы мақсаты және объектіні мүліктік жалға (арендаға) беру мерзімі көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, үй-жайды мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғаларға өтеусіз негізде беру көзделмеген.
Осыған байланысты, Сіздің өтінішіңізді қанағаттандыру мүмкін емес екенін хабарлаймыз.