Алмалы ауданы әкімімен 22.09.2026 кездесу қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары
Алмалы ауданының әкімі
___________ А.Н. Шамшин
«____» ____________ 2026 г.
2026 жылғы 22 қыркүйекте Алмалы ауданының әкімі А.Н. Шамшинмен өткен кездесу қорытындысы бойынша іс-шаралар жоспары
|
№ |
Тапсырмалар |
Жауапты орындаушы |
Мерзімі |
|
Алмалы ауданы әкімінің орынбасары А.А. Төлеген |
|||
|
1. |
Өз құзыреті шегінде «Алматы Су» МКК-мен ақшалай қаражатты қайтару мәселесін пысықтау, өтінішті қарау және құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау. |
ИЖЖБ КӨДБ |
22.10.2026 |
|
2. |
Өз құзыреті шегінде өрт гидрантының рұқсатсыз ауыстырылу фактісі бойынша мәселені пысықтау, орындалған жұмыстардың заңдылығын анықтау және құзыреті шегінде тиісті шаралар қабылдау.
|
КШБ КӨДБ |
22.10.2026 |
|
3. |
Өз құзыреті шегінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде іс-шара өткізу, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексеру және қажетті шаралар қабылдау.
|
КШБ КӨДБ |
22.10.2026 |
|
4. |
Өз құзыреті шегінде ағаштарды санитариялық қырқу жұмыстарын жүргізу.
|
КБ |
22.10.2026 |
|
5. |
Өз құзыреті шегінде Мауленов көшесіндегі (музей маңындағы) қарағай екпелерінің, сондай-ақ Rixos Almaty қонақүйінің жанындағы қарағайлы сквердегі жасыл желектер мен көгал жабынының жай-күйін тексеру, олардың бүлінуі мен қурап қалуына жол бермеу мақсатында жасыл желектерді тиісінше суару және күтіп-баптау мәселесін қарау.
|
КБ КӨДБ |
22.10.2026 |
|
6. |
Өз құзыреті шегінде Байтұрсынов көшесі жағындағы арық желісін жаңғырту, сондай-ақ Гоголь көшесі, 87-мекенжайындағы жасыл желектерді санитариялық қырқу мәселесін қарау және қажетті шаралар қабылдау. |
КШБ АБ |
22.10.2026 |
|
7. |
Абай даңғылы, 107-мекенжайдағы 23-пәтердің қайтыс болған иесінің қызына осы пәтерге мұрагерлік құқықты рәсімдеу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ арқылы құжаттарды тапсыруға жәрдем көрсету. |
КШБ |
22.10.2026 |
|
8. |
Өз құзыреті шегінде «Байтұрсынов, 72» МИБ қызметі мәселесін, оның ішінде төрағаны сайлаудың заңдылығын және оның белгіленген талаптарға сәйкестігін қарау, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйді жылыту маусымына дайындауды ескере отырып, қалыптасқан жағдайды реттеуге жәрдем көрсету. Қарау нәтижелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдау. |
КШБ |
22.10.2026 |
|
9. |
Өз құзыреті шегінде тұрғындар аула аумағына отырғызған жасыл желектерді тексеру және оларды тиісінше суару мен күтіп-баптауды қамтамасыз ету мәселесін қарау.
|
КБ |
22.10.2026 |
|
10. |
Өз құзыреті шегінде тротуардағы су ағуын жою мәселесін пысықтау. Учаскені тексеруді қамтамасыз ету, су ағу көзін анықтау және оны жою үшін қажетті шаралар қабылдау. |
КБ |
22.10.2026 |
|
11. |
Өз құзыреті шегінде аула аумағын көгалдандыру мәселесін пысықтау. Мұратбаев көшесі, 114-мекенжайда абаттандыру жұмыстарын жүргізу мүмкіндігін қарау. |
КБ |
22.10.2026 |
|
12. |
Өз құзыреті шегінде Айтеке би көшесі, 98; Мауленов көшесі, 54; Наурызбай батыр көшесі, 49/6 мекенжайларындағы әрбір тұрғын үйге екі бөлек дербес шот ашу мәселесін ПИК төрағасымен пысықтау. |
КШБ |
22.10.2026 |
|
13. |
Өз құзыреті шегінде футбол алаңының жабынын қалпына келтіру мүмкіндігін қарау. |
КШБ |
22.10.2026 |
|
14. |
Өз құзыреті шегінде Есентай өзенінің Төле би көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі жағалауын тазалау мүмкіндігін қарау. |
КБ |
22.10.2026 |
|
15. |
Өз құзыреті шегінде Мұқанов көшесі, 227-мекенжайда, Бөгенбай батыр көшесіне жақын тротуар бойындағы жасыл желектерді санитариялық қырқу мәселесін пысықтау. |
КБ |
22.10.2026 |
|
16. |
Өз құзыреті шегінде Мақатаев көшесінің Байтұрсынов және Шагабутдинов көшелерінің арасындағы учаскесін абаттандыру және көгалдандыру мүмкіндігін қарау.
|
КШБ |
22.10.2026 |
|
17. |
Өз құзыреті шегінде Мақатаев көшесінің Байтұрсынов көшесінен Шәріпов көшесі маңындағы аялдамаға дейінгі аралыққа қосымша шамдар орнату мүмкіндігін қарау.
|
КБ |
22.10.2026 |
|
18. |
Өз құзыреті шегінде Шәріпов көшесі, 129/22-мекенжайдағы аула аумағында ағаштарды санитариялық қырқу жұмыстарын жүргізу мәселесін пысықтау.
|
КБ |
22.10.2026 |
|
19. |
Өз құзыреті шегінде Шевченко көшесі, 112/70-мекенжайдағы тұрғын үй маңындағы, Шевченко көшесінен Масанчи көшесіне дейінгі жаяу жүргіншілер аймағында автокөлік қою қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету мәселесін қарау және тиісті шаралар қабылдау. |
АБ КШБ |
22.10.2026 |
|
20. |
Өз құзыреті шегінде көрсетілген учаскедегі қураған және авариялық ағаштардың бар-жоғын анықтау үшін жасыл желектерді тексеру және тексеру нәтижелері бойынша қажетті шаралар қабылдау. |
КБ |
22.10.2026 |
|
21. |
Өз құзыреті шегінде нөсер жауын кезінде жаңбыр суы жиналатын-жиналмайтынын анықтау үшін Байтұрсынов және Шевченко көшелерінің қиылысындағы учаскені тексеру және тексеру нәтижелері бойынша мәселені жоюға қажетті шаралар қабылдау. |
КБ |
22.10.2026 |
|
22. |
Өз құзыреті шегінде Қунаев атындағы университет маңындағы контейнерлік алаңның орналасқан жерін (4 контейнер) өз бетінше ауыстыруға жол бермеу мәселесін қарау және белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қабылдау. |
КШБ
|
22.10.2026 |
|
Алмалы ауданы әкімінің орынбасары О.К. Құрманбек |
|||
|
1. |
Өз құзыреті шегінде «Ивушка» балабақшасының жанындағы аула аумағында көп мөлшерде автокөлік қойылуына байланысты аулаға кіріп-шығудың қиындауынан туындаған жанжалды жағдайды реттеу мәселесін қарау және тиісті шаралар қабылдау. |
КӨДБ |
22.10.2026 |
|
2. |
Алмалы ауданының прокуратурасымен (келісім бойынша) және Алмалы ауданының полиция басқармасымен (келісім бойынша) бірлесіп, лифт есігін бөлшектеген тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау және айыппұл салу. |
КӨДБ |
22.10.2026 |
|
3. |
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшылары бір апта мерзімде бірінші қабаттарда орналасқан бизнес субъектілерімен абаттандыру паспорттарына қол қойсын. |
КӨДБ |
22.10.2026 |
|
Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Е.О. Қалдарбеков |
|||
|
1. |
Қабанбай батыр және Мауленов көшелеріндегі музей ғимараты бойындағы қарағайларды күтіп-баптау және суару мәселесі бойынша Алматы музейінің басшылығымен келіссөз жүргізу.
|
МТДБ |
22.10.2026 |
4
21 қазан 2026 23:32
21 қазан 2026