Алматы қаласы Алмалы ауданының 2026 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі жоспарланған жобалары

  1. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасы
    Жобаның мақсаты:
    Қарт адамдарға мәдени, педагогикалық, еңбек, психологиялық, экономикалық, құқықтық және медициналық кеңес беруді қамтитын арнайы әлеуметтік қызметтер кешенін көрсету, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен белсенді өзара іс-қимылды дамыту.
    Жобаның міндеттері:
    қазіргі заман жағдайында қарт адамдардың табысты әлеуметтік бейімделуі үшін қолайлы жағдайлар жасау;
    егде жастағы адамдар үшін қарым-қатынас ортасын қалыптастыру және дамыту;
    жобаға қатысушылардың шығармашылық әлеуетін арттыру;
    салауатты өмір салтын насихаттау және қарт адамдардың дене белсенділігін арттыру.
  2. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Тең қоғам» мүгедектігі бар адамдарды қолдау орталығы жобасын іске асыру
    Жобаның мақсаты:
    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру және олардың өмір сүру сапасын арттыру.
    Жобаның міндеттері:
    мүгедектігі бар адамдарға және олардың отбасыларына әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсету;
    оқыту курстарын өткізу, жұмысқа орналастыруға көмек көрсету және жеке ісін ашу бойынша кеңес беру;
    мүгедектігі бар адамдар мен олардың отбасыларының әлеуметтік маңызы бар мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын іздестіру.
  3. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Шыңға өрле, биікке самға» жобасын іске асыру
    Жобаның мақсаты:
    Өмірлік тәжірибе, білім мен дағдыларды беру арқылы аға буын өкілдерін аз қамтылған отбасылардан шыққан бастауыш сынып оқушыларының қоғамдық өміріне тарту.
    Жобаның міндеттері:
    көпбалалы, аз қамтылған, толық емес отбасылардан, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалармен жұмыс жүргізу, оларға бай өмірлік тәжірибе, білім мен дағдыларды үйрету;
    1–4 сынып оқушыларының тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, балалардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру және дамыту, мектепте оқытылмайтын сұранысқа ие дағдыларға үйрету, соның ішінде қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін дамыту және өзіне деген сенімділікті арттыру.
  4. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Отбасын қолдау орталығы» жобасын іске асыру
    Жобаның мақсаты:
    Алмалы ауданында тұратын, қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға қызметтер көрсету және жан-жақты қолдау көрсету арқылы мемлекеттік отбасылық саясатты іске асыруға жәрдемдесу, қоғамда отбасы институтын нығайту, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың өмір сүру сапасын арттыру, консультациялық, оқыту, ақпараттық және әдістемелік қызметтер кешенін ұсыну, азаматтардың экономикалық дербестігін және дағдарыстық жағдайдан шығуға бағытталған жеке уәждемесін күшейту.
    Жобаның міндеттері:
    қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық қолдау көрсету;
    біліктілікті арттыру, жұмысқа орналастыру және кәсіпкерлікті дамыту;
    Алмалы ауданында тұратын әлеуметтік осал отбасылардың мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын айқындау;
    отбасылық құндылықтарды насихаттау және қалыптастыру.
Жарияланған күні

26 қаңтар 2026 16:34

Жаңарту күні

26 қаңтар 2026

Срок публичного обсуждения

26 қаңтар 2026