«Ақтөбе облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ өндірістік бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4, №04-05, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Жерге орналастыру
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Кадастр
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

 

Құрылыс ұйымдарының құрылыс жұмыстарын жүргізу барсында келісім - шарттарда көрсетілген  міндеттердің орындалуын бақылау; Аяқталмаған құрылыс объектілерін пайдалануға жол бермеу; Бекітілген объектілерге және мердігер ұйымдарға жетекшілік етеді;  Объектілерді пайдалануға қабылдау бойынша  жұмыстарға  қатысу; Техникалық және авторлық қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарға (орындаушыларға), барлық әлеуметтік объектілердің құрылысына бақылау және мониторинг жүргізу; Құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарының орындалуын қамтамасыз ету; Орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға сәйкес келуін бақылау; Технологиялық жабдықтармен монтаждалған және құрылыс бойынша орындалған жұмыстарды қабылдауда бақылап өлшеу жұмыстарын жүргізу;  Жасалған жұмыстардың актісін ф.№2 және ф. №3 бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес болын тексеру; Мердігер ұйымдардың құрылыс материалдары қажеттілігі туралы ақпаратты жинау және талдау; Құрылыс объектілеріне құрылыс материалдарының жеткізу барысында құрылыс индустриясындағы  мекемелермен заводтармен қарым-қатынас жасау; Құжаттардың орындалу регламентін орындау; Тиімділігі жоғары материалдардың және жаңа технологияларды енгізу жұмыстарын жүргізу; Құрылыс ұйымдарын мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын пайдалануға тыйым салу; Бөлім басшысы белгілеген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.

(Блок В)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 05.09.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

06.09.2022 – 14.09.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

21.09.2022

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-20-89. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.