«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ конфессияаралық қатынастар бөлімінің бас маманы, санаты D-O-4 (1 бірлік), №ОМО-2

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

282693

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Тарих
  • Дінтану
  • Шығыстану
  • Теология
  • Құқықтану
  • Саясаттану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)

Функционалды міндеттер

- Білім ордаларында, елді мекендерде азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша діни ақпараттық-түсіндіру топтарымен  облыс көлемінде ағарту жұмыстарын жүргiзеді;

- Облыс аумағында құрылған  христиан бағытындағы дiни бiрлестiктердiң қызметтерiне рейдтік шара ұйымдастырады, зерделейді, талдайды, мониторинг жүргізеді және олар туралы ақпараттық дерекқорды қалыптастырады;

- Мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің үйлестірілуін қадағалайды;

- Мемлекеттік тапсырыс негізінде берілген тақырыптардың қамтылуына бақылау орнатады;

- Бөлімнің айлық, тоқсандық және жылдық жоспарларын жасақтайды және есептер дайындайды;

- Мемлекеттік ақпараттық саясаттың бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасын насихатталуын қамтамасыз етеді;

- Сотта сондай-ақ, басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді және әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырады;

- Қазақстан Республикасының қоланыстағы заңнамасына сәйкес Басқармамен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады;

- Бұқаралық ақпараттар құралдарының мониторингін жүргізіп, медиа-жоспарлар әзірлейді;

- Бөлімнің Стратегиялық жоспарын және аумақтық даму бағдарламаларын жасақтап тиісті орталық атқарушы органдармен келісілуін қамтамасыз етеді;

- Заңды және жеке тұлғалардан түскен арыз-шағымдарды, өтініштерді заңға сәйкес жауап қайтарылуын қамтамасыз етеді.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 29.06.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

30.06.2022 – 11.07.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

15.07.2022

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-20-89. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз