«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ цифрландыру бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, №ОЦ-6, 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-4

Орташа лауазымдық айлықақы

243700

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқарманың қаржы-экономикалық, бухгалтерлік қызметінің барлық бағыттары бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;

Басқарма мүлкіне түгендеу жүргізу (оның ішінде: объектінің сипаттамасын көрсете отырып түгендеу картасын толтыру, негізгі құралдардың тозуын есептеу, құндылығы төмен және тез тозатын заттарды анықтау) және оның нәтижелері бойынша облыстық қаржы басқармасына ақпаратты/есептерді сапалы, дұрыс және уақтылы ұсыну;

Бюджеттік өтінімдерді сапалы / дұрыс қалыптастыруды орындау және оларды облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына уақтылы тапсыру;

Басқарма қызметкерлеріне еңбекақы төлеу және бюджетке міндетті төлемдер бойынша тиісті процестерді орындау;

Басқарма қызметкерлерін материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандыру;

Салық, статистикалық және өзге де экономикалық, қаржылық, бюджеттік есептілікті, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер бойынша есептерді (түсіндірме жазбаны қоса алғанда) сапалы, дұрыс дайындауды және құзыретті органдарға уақтылы тапсыруды қамтамасыз ету;

Активтердің, тауарлық-материалдық құндылықтардың есебін жүргізу;

Заңнама талаптарына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;

Өз құзыреті шегінде облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, Мемлекеттік сатып алу басқармаларымен, қаржылық бақылау инспекциясымен, Қазынашылық Департаментімен және т. б. өзара іс-әрекет жасау.;

Бюджетке салық төлемдерін, зейнетақы төлемдерін, басқарма аппараты қызметкерлерінің жалақысын есептеу және бөлу жөніндегі жұмыстарды орындау;

Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша тоқсан сайынғы декларацияны сапалы, дұрыс дайындауды және уәкілетті органдарға уақтылы тапсыруды қамтамасыз ету;

Активтерді есепке алуды жүргізу, сондай-ақ кірістер мен шығыстарды есепке алу тіркелімінде уақтылы көрсету және жүргізу;

Бухгалтерлік бастапқы құжаттарды ресімдеу;

Қаржыландырудың бюджеттік бағдарламасын әзірлеу және іске асыру;

Жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы ай сайынғы, тоқсандық есептерді қабылдау;

Қойылған міндеттер мен жүктелген өкілеттіктерді ұйымдастыру және орындау;

Бөлім басшысының жоспарлы және өзге де тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау;

Басқарма басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді/функцияларды жүзеге асыру.

(Блок В)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 28.03.2022

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

29.03.2022 – 06.04.2022
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

11.04.2022

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-20-89. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.