«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің жетекші маманы, D-5 санаты, №ОПКЗРОФИЮЛ-6, 1 бірлік.
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
210086
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы накты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Жоғары, орта білімнен кейінгі білім
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Қоғамдық байланыс
- Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Өз құзыреті шегінде келесі функцияларды жүзеге асырады:
Келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін алдын ала қарауды, талдауды, қабылдауды және тіркеуді жүргізеді:
қағаз түріндегі, оның ішінде «Қазпошта» АҚ арқылы, сондай-ақ Бөлімге қолма-қол;
Ақтөбе облысы әкімдігінің веб-сайты және «egov.kz» Қазақстан Республикасының «электрондық үкімет» порталы арқылы келіп түсетін электрондық форматта өтініштерін;
Мәселелердің сипатын анықтау, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін бөлу және оларды қарау және жауап беру үшін облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелеріне, басқа да мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға жіберу, немесе қарау тәртібі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, қылмыстық іс жүргізу, азаматтық іс жүргізу заңнамасында белгіленген өтініштерден басқа, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінде көтерілген проблемалар бойынша ұстанымды қалыптастыру;
Мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарға, оның ішінде аудандық деңгейде жіберілген жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауға бақылауды жүзеге асырады;
Бөлім құзыреті шеңберінде:
- мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың жауаптарының сапасын және әкімнің бақылауына алған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша олар қабылдаған шараларды талдайды;
- жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алуды ұйымдастырады және ағымдағы іс жүргізуді жүргізеді;
- бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және өтініш берушілерге жауап жолдайды.
Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде облыс әкімі аппаратында, аудандық және ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда іс жүргізудің жай-күйіне тексеру жүргізеді.
Белгіленген мерзімде жоғары тұрған және тиісті органдарға қызмет бағыты бойынша есептілік пен ақпаратты ұсынады.
(Блок В)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 21.10.2021
- ГУ «Аппарат акима Актюбинской области», 030010, город Актобе, проспект Абилкайыр хана 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-20-89. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.