"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік, №ЕСУП (КС)-16

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-4

Орташа лауазымдық айлықақы

116623 - 157326

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
  3. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Құқық
  • Білім (білім саласы)
  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқық (білім саласы)
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

1) Ақтөбе облысы әкімінің аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасын орындауы жөніндегі қызметін үйлестіруді ұйымдастыру;
2) Ақтөбе облысы әкімінің аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау, кадр ауысымдылығы бойынша тиісті есептіліктерді және ұсыныстарды әзірлеу;
3) Ақтөбе облысы әкімінің аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының бірыңғай конкурстық комиссиясының қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету, оның ішінде бос лауазымдарға қойылатын сұрақтар және эссе тақырыптары тізбесінің жобасын қалыптастыру, байқаушылар және сарапшылармен жұмыс жасау, конкурс комиссиясының материалдарын және әңгімелесу барысында техникалық жазба құралдарының көмегімен белгіленген материалдарды сақтау;
4) Ақтөбе облысы әкімінің аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының персоналын басқару тиімділігіне бағалау жүргізу үшін мәліметтерді дайындауды қамтамасыз ету, осы бағыттардағы жұмысты жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
5) Ақтөбе облысы әкімінің аппараты мен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының кадр құрамын қалыптастыруды, мемлекеттік қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету рәсімдерінің сақталуын қамтамасыз ету;
6) Персоналды басқарудың бірыңғай қызметіне қарасты істер номенклатурасы жобасын әзірлеу;
7) Мемлекеттік қызметшілердің ант қабылдау рәсімін ұйымдастыру және ант мәтіні бар бланкті оның жеке ісіне енгізу;
8) Ақтөбе облысы әкімінің аппаратының және еңбек қатынастары мәселелері Ақтөбе облысы әкімінің құзыретіне жатқызылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына біліктілік талаптарын әзірлеу және бекіту;
9) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу;
10) Облыс әкімі тағайындайтын мемлекеттік қызметшілердің, Ақтөбе облысы әкімі аппараты мемлекеттік қызметшілерінің жұмысқа қабылдау, босату туралы өкімдерін/бұйрықтарын әзірлеу;
11) Ақтөбе облысы әкімі аппаратының келісім шарт бойынша қызметкерлерін, қоғамдық жұмысқа және «жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша азаматтарды жұмысқа қабылдау, босату туралы бұйрықтарын әзірлеу;
12) «Е-қызмет» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстар жүргізу, аудан әкімдері аппараттарының, басқармалардың ақпараттық жүйе бойынша жұмыс жүргізілуін тұрақты қадағалау;
13) мемлекеттік органдардың интранет порталы (МОИП) ақпараттық жүйесі бойынша жұмыс жүргізу;
14) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларына сәйкес, конкурстық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурс рәсімдерін ұйымдастыру.
15) қызметтік әдепті сақтау;
16) Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында қабылданған ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтау қажет. Бас маманның міндеттеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функциялары кіреді.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 28-бабы 3-тармағына сәйкес жалпы конкурсқа қатысуға тесттен алдын ала өткен азаматтар жіберіледі.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері

Жарияланған күні: 20.08.2021

Жалпы конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

23.08.2021 – 01.09.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
  • Кандидаттың қызметтік тізіміᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

06.09.2021

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-20-89. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.