«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қаржы-экономика бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты (№ ОФ-1), 1 бірлік.

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-3

Орташа лауазымдық айлықақы

126357 - 170599

Жалпы біліктілік талаптары

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

  1. мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;
  2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;
  3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
  4. жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
  5. ғылыми дәрежесінің болуы;
  6. Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім

Мамандығы

  • Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Қаржы

Функционалды міндеттер

Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың, түскен құжаттардың уақытында орындалуына, бөлім қызметкерлерінің орындаушылық және қызмет тәртібіне жауап береді. Қазақстан Республикасының заң күші бар заңнамаларымен бөлімді таныстырып отырады. Басшылық тапсырмаларын, жоспарлы-экономикалық қызметті үйлестіреді. Басқарманың бухгалтерлік есебінің қойылуын және қаржылық есебін, барлық статистикалық есепті, бухгалтерия және экономика мәселелерін, теңгерімдерді құру, бюджеттік тапсырыстарды жасау, мемлекеттік кірістер органдарына есеп тапсыру т.б., коммуналдық меншік жөнінде жұмыстарды, басқарма бюджетін жоспарлау және басқарманың қаржы мәселесі жөнінен барлық хат алмасуын, БЖСМ-гі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жұмысын бақылауға алады және жиынтық есептерін қаржы басқармасына тапсырады. Дебиторлық және кредиторлық берешектер бойынша есептерді жүргізу, тапсыру, басты кітапты жүргізу. Барлық бухгалтерлік және қаржылық құжаттарды растайды. Басқарма бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен кәсіпорындарының материалдық-техникалық базасын нығайту шаралары бойынша жұмыстар ұйымдастырады және қабылдайды. Аттестациялық, тәртіптік және мемлекеттік қызмет өтілін бекіту комиссияларының жұмысына қатысады. Басқармаға қарасты материалдық мүлікке бақылау жасайды, келісім-шарттарды жасайды. Басқарма басшысын басқармадағы қаржылық және экономикалық жұмыстың жағдайымен үнемі хабардар етіп отырады. Бағынысты мекемелерге қаржылық рұқсат қағаздар береді. Басқарма бюджетін жоспарлау (бюджеттік тапсырыстар, төлем есептерінің жекелеген жоспарлары мен барлық төлемдер бойынша міндеттемелер және бағдарламалар бойынша түсіндірмелер жасау) жұмыстарын жүргізеді. Мемлекеттік-жеке әріптестік аясындағы жобаларды жүзеге асырады. Мемлекеттік көліктің жанар-жағар май талонын жүргізушілерге береді, жанар-жағар майды есептен шығарады және эмиссия салығы есебін тапсырады. Жоғарғы органдардың тапсырмаларын орындайды. Облыс департаменттері мен басқармаларына тапсырылатын құжаттарды тексеріп, бекітеді. Облыс әкімдігіне және облыс маслихатына қаржыландыруға байланысты құжаттар мен қаулы жобаларын дайындайды. «1С тұғырнамасында «Бюджет» конфигурациясы» бағдарламасымен жұмыс жасау.  Жоғары органдардың тапсырмаларын орындайды. Жергілікті атқарушы органдармен хат алмасуды және өзінің функционалдық міндеттері тұрғысында «Қазынашылық-клиент» жүйесінде қызметтерді жүзеге асырады. Басқарма және бөлім басшыларының басқада тапсырмаларын орындайды. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сәйкес атқаратын лауазымының бағдары бойынша жауап беру.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 09.03.2021

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

10.03.2021 – 12.03.2021
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу

Сұхбаттасу күні

16.03.2021

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-20-89. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша  шағымдануға құқылысыз.