«Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ бюджеттің орындалуын жиынтық талдау және қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру бөлімінің бас маманы (2021 жылдың 22.02. дейін негізгі қызметкердің жүктілігіне және босануына байланысты демалыстағы кезеңіне) D-O-4 санаты (1 бірлік) № 2-2.
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
108306 - 146000
Жалпы біліктілік талаптары
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім
- Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (білім саласы)
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Қаржы
Функционалды міндеттер
Жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша жұмыстарды жүргізу; трансферттер қаржыландырудың жинақты жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жинақты жоспарын қалыптастыру және оларды аймақтық қазынашылық органдарына ұсыну; жергілікті бюджеттің орындалуы бойынша есеп нысандарын қалыптастыру; жергілікті бюджеттік бағдарламаларды іске асыруды бағалау; жергілікті бюджеттің орындалуына талдау; жергілікті бюджеттің орындалуы туралы ақпаратты дайындау; бюджеттік бағдарламалардың орындалуының тиімділігін бағалау; экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы үшін жергілікті бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар дайындау.
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
- 13.11.2020
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 932089. Сондай-ақ, конкурс қатысушыларының есіне саламыз, Сіз конкурс комиссиясының шешіміне ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе ватсап 8-705-202-0670) мекен-жайы бойынша шағымдануға құқылысыз.