«Ақтөбе облысының цифрлық технологиялар басқармасы» ММ деректерді басқару бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, №ОУД-4
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Математика және статистика
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- Ақпараттық технология, iT менеджменті
Қосымша талаптар
Электротехника және автоматтандыру, Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар
Функционалды міндеттер
«электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде), лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
техникалық құжаттама түпнұсқаларын қағаз тасығыштарда сақтауды қамтамасыз ету және оларды «электрондық үкіметтің» сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
ұсынылатын ақпараттық-коммуникациялық қызметтерге сәйкес операторлардан ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сатып алу;
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 246-НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесіне сәйкес, құзырлы органдардан ақпарат пен мәліметтерді жинауды ұйымдастыру және оларды белгіленген мерзімдерде Ашық деректердің интернет-порталында уақтылы жариялауды қамтамасыз ету (үнемі);
Ақтөбе облысы әкімдігінің ресми интернет-ресурсының бөлімдерін уақтылы толықтыру және жаңарту жұмыстарын тұрақты негізде жүргізу, сондай-ақ облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінің ресми интернет-ресурстарының жұмысын бақылау, кемшіліктерді анықтау және оларды жою бойынша шаралар қабылдау мақсатында тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
«Documentolog» ақпараттық жүйесінде басшылықтың қарауына келіп түсетін және шығыс корреспонденциясының тиісті қабылдануын, тіркелуін, орындаушыларға жолдануын бақылауды және олардың орындалу мерзімдерін бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ аталған жүйе бойынша құзырлы органдарға тиісті есептер мен ақпарат ұсыну;
басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, орталық атқарушы және өзге де жоғары тұрған органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру (оның ішінде: Облыс әкімдігімен ай сайын ұсынылатын бақылау кестесіне сәйкес басқарма қызметкерлерінің орындауындағы тапсырмалар мен бақылаудағы құжаттардың орындалуына тұрақты мониторинг жүргізу, орындалу барысы туралы есептер дайындау және ұсыну);
басқарманың кадрлық саясатын жүзеге асыру, сондай-ақ Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен (кадр қызметімен) өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, құзыретті органдарға олар бойынша ақпарат пен есептерді сапалы әрі дұрыс дайындап, белгіленген мерзімдерде уақтылы ұсынуды ұйымдастыру, сондай-ақ «Битрикс» ақпараттық жүйесіне осы бағыттағы мәліметтер мен ақпаратты уақтылы жүктеуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы заңнамасының және ішкі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес «Қызметтік пайдалану үшін» (ҚБП) белгісі бар құжаттарды есепке алуды, тіркеуді, сақтауды, пайдалануды және уақтылы жоюды қамтамасыз ету; таратылуы шектелген құжаттармен жұмыстың белгіленген тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру және олардағы мәліметтерді жария етуге жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;
«Талдау орталығы» ақпараттық жүйесі арқылы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетіне тиісті сұрау салулар жолдау, алынған мәліметтерді талдау және қажетті есептік әрі ақпараттық материалдарды дайындау арқылы басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауына тоқсан сайын мониторинг жүргізу;
жоғары оқу орындарымен және өзге де мемлекеттік органдармен жасалған шарттар мен меморандумдар негізінде басқармаға қабылданған жастар үшін өндірістік, дипломалды және жастар практикасын ұйымдастыру, практикадан өтушілермен жұмысты үйлестіру, Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту бөлімімен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ «Enbek.kz» ақпараттық жүйесінде тиісті жұмыстарды жүргізу;
басқарманың ақпараттық жүйелерін (Documentolog, E-Otinish, ЦРМ, EPS, ИПГО) сүйемелдеу және олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеткізушілермен және техникалық қызметтермен өзара іс-қимыл жасау, анықталған ақаулар мен жүйелік іркілістер бойынша актілер жасау, тиісті өтінімдер мен өтініштер жолдау, сондай-ақ аталған ақпараттық жүйелердің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру бойынша жедел шаралар қабылдау, сондай-ақ әкімші ретінде пайдаланушылардың жаңа есептік жазбаларын құруды, басқарманың құрылымы өзгерген, қызметкерлер ауысқан немесе жұмыстан босатылған жағдайда есептік жазбаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді, олардың қол жеткізу құқықтарын өзектендіруді жүзеге асыру;
құзыретті мемлекеттік органдардың бекітілген бағдарламалары шеңберінде өткізілетін қоғамдық іс-шараларға басқарманың қатысуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету, аталған іс-шараларға басқарма қызметкерлерінің қатысуын және дайындық жұмыстарын үйлестіру, ұйымдастырушылармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ оларды өткізуге байланысты тапсырмалардың орындалуын бақылау,
Басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарына жыл сайынғы декларацияны уақтылы тапсыруын бақылау және есепке алу, декларация тапсыру мерзімдерінің сақталуын қадағалау және қажет болған жағдайда тиісті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
басқарманың мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарынан және өзге де оқыту нысандарынан өтуін ұйымдастыруды және үйлестіруді қамтамасыз ету, оқуға жіберу жөніндегі есепке алуды жүргізу, өтінімдер қалыптастыру, уәкілетті ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ оқытудың уақтылы және толық өтуін бақылау;
салалық бөліммен және басқарманың мемлекеттік сатып алу жөніндегі маманымен бірлесіп, басқарманың мемлекеттік сатып алу шарттарының техникалық ерекшеліктерге және шарт талаптарына сәйкестігін бақылау және мониторинг жүргізу, анықталған бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді тіркеу, тиісті актілерді ресімдеу, жеткізушілерге анықталған ауытқулар туралы хабарламалар жолдау, сондай-ақ бұзушылықтарды уақтылы жоюды және шарттардың орындалуын белгіленген талаптарға сәйкес келтіруді бақылау;
қойылған міндеттер мен жүктелген өкілеттіктерді ұйымдастыру және орындау;
бөлім басшысының жоспарлы және өзге де тапсырмаларын белгіленген мерзімде орындау;
басқарма басшысы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді және функцияларды жүзеге асыру.
Блок А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 74-75-40