«Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары, D-O-2 санаты, 1 бірлік, № Р-7

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Өндірістік және өңдеу салалары
  • Халықаралық қатынастар

Функционалды міндеттер

Басқарма басшысының орынбасары:

Инвестицияларға жалпы басшылықты және инвестициялық жобаларды, өнеркәсіптік дамуды сүйемелдеуді жүзеге асыруға міндетті;

Басқарманың құзыретіне қатысты заңдардың, Мемлекет басшысының жарлықтарының, тапсырмаларының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс әкімдігі қаулыларының орындалуына бақылауды қамтамасыз етеді, ҚР Үкіметіндегі селекторлық кеңестердің жоспар - кестесі тармақтарының орындалуы бойынша ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;

Экономиканы әртараптандыру жолымен Облыстың тұрақты дамуына негізделген облыстың инвестициялық әлеуетін дамыту мәселелерін үйлестіруді қамтамасыз етеді;                     

Инновациялық инфрақұрылымды әртараптандыру арқылы облыстың тұрақты дамуына қол жеткізу үшін облыстың инвестициялық әлеуетін дамыту мәселелерін үйлестіруді қамтамасыз етеді;

Облыста тиімді инвестициялық ахуал құру және инвестициялар тарту бойынша жұмысты жүзеге асырады;

Инвестициялық қызмет мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың орындалуын тексеру бойынша комиссия мен жұмыс топтарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады;

Орта және ұзақ мерзімді жоспарлардың жасалуын бақылайды, сондай-ақ ағымдағы жоспарлардың орындалуын бақылайды;

Облыс әкімінің аппаратымен және облыстық басқармалармен өзара іс-қимыл жасайды.

Халықаралық, республикалық және жергілікті сауда жәрмеңкелері мен көрмелерін, Инвестициялар, Индустриялық даму, инновациялық даму мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуді қамтамасыз етеді.

ҚР шаруашылық субъектілерімен, кәсіпорындарымен, қаржы институттарымен және шетелдік әріптестерімен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.

Қолданыстағы шарттарға, келісімшарттарға, хаттамаларға, меморандумдарға талдау, бақылау жүргізуді, қолданыстағы үкіметаралық шарттарды жетілдіру мақсатында қажет болған жағдайда ұсыныстар енгізуді қамтамасыз етеді.

Мониторинг жүргізуді, өңірді дамыту бағдарламасының көрсеткіштерін өңдеуді және жоғары тұрған мемлекеттік органдарға есептер мен басқа да ақпараттар беруді бақылауды жүзеге асырады.

Басқару тиімділігін бағалау стандарттарының сәйкестігін қамтамасыз етеді және бақылайды.

Қызметкерлермен жұмыс тәжірибесі, компьютерде жұмыс істей білу, мемлекеттік тілді білу.Кәсіпкерлік қызмет субъектілерімен, Қоғамдық бизнес-құрылымдармен, қаржы ұйымдарымен және дамытушы институттармен өзара іс-қимылды ұйымдастыруға міндетті;

Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да функцияларды орындауға міндетті.

Блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.06.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.06.2026 – 08.06.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: 8(7132) 74-75-40