«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің бас маманы, D-О-4 санаты, 1 бірлік, №ОПРСИИВ-2
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс өтілі талап етілмейді.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Әлеуметтік ғылымдар
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Әлеуметтік жұмыс
Функционалды міндеттер
«Е-Собес» ААЖ сәйкес мүгедектігі бар адамдарды аббилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуына мониторинг жүргізу;
Мүгедектігі бар адамдарды «Е – Собес» ААЖ протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету мониторингі;
Мүгедектігі бар адамдарды «Е-Собес» ААЖ-да сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мониторингі;
«Е-Собес» ААЖ-да мүгедек адамдарды тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету мониторингі;
Бөлімнің құзыретіне кіретін мемлекеттік және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарауды және шаралар қабылдауды жүзеге асырады;
Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және облыс әкімінің хаттамалық және басқа да тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындауды қамтамасыз ету;
Бөлімнің қызметіне қатысты шешімдердің, қаулылардың жобаларын дайындайды;
Мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз ету бөлігінде әлеуметтік қызметтер порталында тіркелген үкіметтік емес ұйымдардың қызметтер көрсетуіне мониторинг жүргізеді;
Аудандық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне бөлімнің құзыретіне қатысты есеп берудің уақтылы ұсынылуын бақылайды;
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне практикалық және әдістемелік көмек көрсетуді, Қазақстан Республикасының заңнамалық, нормативтік актілерін іске асыру бойынша, оның ішінде сол жерге барып түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді.
Басқарма басшылығының тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады және аудандық бөлімшелердің мамандарына оларды орындау кезінде көмек көрсетеді.
Бөлімнің құзыретіне қатысты нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізеді.
Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері бойынша жыл, тоқсан қорытындылары бойынша жалпыланған талдамалық жазба дайындайды.
Бөлімнің құзыретіне қатысты басқа да тапсырмаларды орындайды.
Өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес сапалы, уақтылы және тиісінше функцияларды жүзеге асыру;
Іс жүргізу номенклатурасына сәйкес "Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» ақпараттық базасында бөлім құжаттарын есепке алу және сақтау жұмыстарын жүзеге асыру;
ҚР мемлекеттік органдардың электрондық құжатайналымы бірыңғай жүйесімен жұмыстану - Documentolog, Lotus Notes, мемлекеттік органдардың интернет порталымен - ИПГО, E-kyzmet. E-өтініш.
Қызметтік тәртіпті сақтау;
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында және сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарда белгіленген шектеулерді сақтау;
қызметтік этиканы сақтау;
Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен тәртіппен мемлекеттік қызметшіге ант беру;
Басқарма басшылығының бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған шешімдері мен нұсқауларын орындау;
Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті тек қызметтік мақсатта пайдалану;
Өзіне белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Басқарма басшылығының және (немесе) Құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу;
Лауазымдық міндеттерін тиімді орындау үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру;
Өз лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес функцияларды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарманың ақпараттық ресурстарымен жұмыс процесінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
Әлеуметтік саланың әлеуметтік қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де функцияларды орындау.
Блок А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 74-75-40