Хромтау ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты, 1 бірлік, №1-1
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
593750
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Педагогика және психология
- Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
- Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
- Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
- Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
- Өнер
- Тілдер және әдебиет
- Әлеуметтік ғылымдар
- Журналистика және ақпарат
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
- Әлеуметтік жұмыс
Функционалды міндеттер
Ауданның әлеуметтік саласына жауапты аудан әкімінң орынбасары мына бөлімдердің жұмысына жалпы басшылық жасайды:
-ауданның ішкі саясат, жастар саясаты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау, мәдениет және тілдерді дамыту, мұрағаттар мен құжаттама, дін істері мәселелері бойынша жұмысына жетекшілік етеді;
-жетекшілік ететін аудандық бөлімдердің мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылайды;
-білім беру мәселесі бойынша жетекшілік етеді;
-ақпарат және қоғамдық келісім, тілдерді дамыту, ономастика саласындағы бағдарламалар мен кешенді іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аумақтық органдардың өзара іс-қимылы мен қызметін үйлестіреді;
-еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон,медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау, медициналық қызметтерге ақы төлеу, білім беру саласындағы бақылау мәселелері бойынша ғылыми орталықтармен, үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
-қоғамдық-саяси және мәдени-спорттық іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қызметті үйлестіру;
-тілдерді қолдау және дамыту, халықтың денсаулығын сақтау, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияларды, шақыру комиссиясын басқарады;
-аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның, діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестердің, аудан әкімдігі жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестердің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның, аудандық терроризмге қарсы комиссияның, құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар мен кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның, аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері жөніндегі комиссияның және отбасылық-демографиялық комиссияның және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың қызметін үйлестіреді;
-мемлекеттік және салалық бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының іске асырылуын,аудан рейтингінің және ауылдар, ауылдық округтер мен Хромтау қаласы әкімдерінің рейтингінің көрсеткіштерін, аудан әкімдігі қызметінің тиімділігін бағалау көрсеткіштерін бақылауды жүзеге асырады; -заңға сәйкес аудан әкімінің басқа да тапсырмаларын орындайды.
Блок А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: 8(7132) 747540