«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары, D-O-2 санаты, 1 бірлік, № Р-14

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Функционалды міндеттер

Экономикалық талдау және агроөнеркәсіптік кешенін шағын         несиелеу, қаржыландыру және басқарма қызметін үйлестіру бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады, басшылық етеді;

бюджеттік қаржының мақсатты пайдаланылуын бақылайды, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қаржымен қолдау жөнінде жағдайлар туғызып, ережелерді әзірлейді, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ шаруашылықтары бірлестіктерінің құрылуын ұйлестіріп, ауыл шаруашылығын  несиелендіруді ұйымдастыру үшін банктермен жұмыс жасайды;

экономика, облыстың ауыл шаруашылығын реформалау мәселелері бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

қаржылай сауықтыру, агроөнеркәсіп кешен субъектілері қарыздарын кепілдендіру және сақтандыру шеңберінде субсидиялау бағдарламасын дайындауды ұйымдастырады, іске асырады;

ауыл шаруашылығында инвестиция сұрақтары бойынша қалалық және аудандық ауыл шаруашылығы бөлімдеріне консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық тәжірибиені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

облыстың агроөнеркәсіп кешені саласындағы проблемалық мәселелер бойынша ақпараттық-талдау материалдарын әзірлейді;

алдыңғы қатарлы шетелдік технологияларды тартуға бағытталған сыртқы экономикалық байланыстарды ұйымдастыру, бағдарламаларды әзірлеу, ауыл шаруашылығын нығайту бойынша басым бизнес-жобалардың іске асырылуын қадағалайды;

мемлекеттiк сатып алу процессін қадағалайды және оларды жүзеге асыру кезiнде туындайтын мәселелердi шешу үшiн қажеттi шараларды қабылдайды

«Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні» облыстық іс-шарасын ұйымдастырып, өткізуге жауапты;

басқарманың құжат айналымын, персоналды басқару жұмысын және еңбек өнімділігін, тиімділігін арттыруды қадағалайды;

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жоспарларының орындалуын бақылайды;

саланы дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастырады және орта және ірі кәсіпкерлікті дамытуға жұмылдырады.

Блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 19.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

20.05.2026 – 22.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: 8(7132) 74-75-40