«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, D-4 санаты, 1 бірлік, №ОДО-16

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-4 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс өтілі бір жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)

Функционалды міндеттер

«ҚБПҮ» белгісі бар құжаттар мен басылымдарды қабылдауды, бастапқы өңдеуді, алдын ала қарауды, тіркеуді жүзеге асырады;

Кіріс хат-хабарларға талдауды жүзеге асырады;

Шығыс хат-хабарларға талдауды жүзеге асырады;

Ай сайынғы негізде мемлекеттік тілде шығыс және кіріс хат-хабарларының саны бойынша есеп дайындайды.

Бұрыштамаға сәйкес құжаттармен уақтылы танысуды қамтамасыз етеді.

ҚР Президентінің, ҚР Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Үкіметі басшылығының, министрліктердің, ведомстволар мен жергілікті мемлекеттік органдардың «ҚБПҮ» деген белгісі бар тапсырмаларының орындалу мерзіміне ішкі бақылауды жүргізеді.

Мемлекеттік органдарда орындаудағы бақылау құжаттары бойынша жылдық есепті және атқарушы органдардың тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындыны ұсынады.

ҚР Президенті Әкімшілігінің құжаттармен жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес ҚР Президенті Әкімшілігіне «ҚБПҮ» белгісі бар ақпараттың уақытылы және дұрыс жіберілуін қамтамасыз етеді (ҚР Президентінің 2010 ж. 27.04 №976 Жарлығы, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының 2022 ж. 01.06 № 22-01-38.16 және 2023 ж. 30.12 № 23-01-38.56 бұйрықтары).

ҚР Үкіметінің құжаттарымен жұмыс істеу Қағидаларына сәйкес «ҚБПҮ» деген белгісі бар ақпараттың ҚР Үкіметіне уақытылы және дұрыс жіберуді қамтамасыз етеді (ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 24 маусымдағы № 429 және 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулылары, ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 236 бұйрығы).

Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұза отырып ресімделген құжаттарды пысықтауға қайтарады.

Таратылуы шектелген қызметтік ақпарат тізбесін дайындауды жүргізеді.

Жоғары тұрған органдармен құжаттарды қабылдамауы туралы ақпаратты бөлім басшылығын жедел шешімдер қабылдау үшін уақытылы хабардар етеді.

Уақтылы орындалмаған құжаттардың (мерзімі өткен немесе кешігіп орындалған) туралы талдамалық анықтамаларды, сондай-ақ орындалған бақылау құжаттарының жалпы саны туралы мәліметтерді дайындайды.

Облыстық басқармаларға және Аппараттың құрылымдық бөлімшелеріне бақылау құжаттардың мерзімдерінің жақындауы туралы ескертулер жіберуді қамтамасыз етеді.

«ҚБПҮ» деген белгісі бар құжаттарды істерге қалыптастырумен және іс жүргізумен аяқталған істерді сақтауға дайындау жұмыстарын жүргізеді.

Іс жүргізу мәселелері бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді.

Блок А

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 18.05.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

19.05.2026 – 21.05.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 74-75-40