Ойыл ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты, 1 бірлік, №01-01-01
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Бизнес және басқару
- Құқық
- Математика және статистика
- Ақпараттық қауіпсіздік
- Әскери іс
- Ұлттық қауіпсіздік
- Қоғамдық қауіпсіздік
Функционалды міндеттер
Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша: экономика және бюджеттік жоспарлау, қаржы, статистика, кірістер басқармасы, қазынашылық бөлімі, жылжымайтын мүлік, төтенше жағдай, ақпараттық-коммуникациялық технология интернет, байланыс желілері, мемлекеттік сатып алу жұмыстарына басшылық жасап үйлестіру, берілген тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз ету. Ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін қамтамасыз ету, инвестиция тарту, салық әлеуетін арттыру. Ауданның әлеуметтік экономикалық даму болжамының 5 (бес) жылдың даму жоспарының жобасын әзірлеуді және бекітуді қадағалау. Бюджеттік кіріс қалыптастыру, жергілікті бюджеттің жобасын оның орындалуына басшылық жасау, қаржыландырудың жылдық жоспарын әзірлеуді және бекітуді үйлестіру. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, әскери жұмылдыру мен азаматтық қорғаныс, өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстарықызметі және осыған байланысты мемлекеттік органдарының қызметтерін үйлестіру. Өз құзіреті шегінде басшылық ететін аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссияның жұмыстарын үйлестіру. Аудандық құқық қорғау органдарымен, прокуратура, төтенше жағдайлар бөлімі, сот органдарымен қарым-қатынас жасау. Өзі жетекшілік ететін салаларындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мәселелеріне дербес жауапкершілікте болу. Бағынысты бөлім басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны үшін жауаптылықта болады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда бағынысты бөлімдерге басшылық жасау. «Е-өтініш», «Е-қызмет», «Құжат айналымы» ақпараттық жүйесімен және электронды цифрлық қолтаңбамен жұмыс жасай білу. Басшылық жүктеген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
Блок А
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: 8(7132) 747540