«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, D-O-2 санаты, 1 бірлік, № Р-2
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
441254
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
«Ақтөбе облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ басшысының бұйрықтары мен нұсқауларын орындау;
Жұмыстың үлгілерімен әдістерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдау;
Басқарманың алқа отырыстарына талдау ақпараттарын дайындау;
Басқарма басшысына үлгілі жұмыс үшін қызметкерлерге мадақтаулар ұсынып, лауазымдық міндеттерін лайықсыз орындағандармен, еңбек тәртібін бұзғандарға жаза қолдануға ұсыныстар беру;
Бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру:
1) жер учаскесіне құқықтың, бекітілген жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманың, жобаларға сараптаманың оң қорытындысының, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдарына жіберілген хабарламаның болуын;
2) хабарламада көрсетілген мәліметтердің шынайылығын;
3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің тиісті лицензияланатын түрлерін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның болуын;
4) орындалған (орындалатын) құрылыс-монтаж жұмыстарының, қолданылатын құрылыс материалдарының, бұйымдарының, конструкциялары мен жабдықтарының бекітілген жобалық шешімдерге және мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге, соның ішінде ғимараттардың (құрылыстардың) көтергіш және қоршау конструкцияларының беріктігі, тұрақтылығы, сенімділігі мен пайдалану сипаттамаларына сәйкестігін;
5) мердігер (бас мердігер) тарапынан құрылыс сапасын ішкі өндірістік бақылаудың барлық түрлері мен нысандарын (кіріс, операциялық, қабылдау, зертханалық, геодезиялық және т.б.) ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
6)атқарушылық құжаттаманы уақтылы және дұрыс ресімдеуді;
7)тапсырыс беруші (меншік иесі) тарапынан техникалық және авторлық қадағалауды ұйымдастыруын және жүзеге асыруын;
8)техникалық және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын.
Мемлекеттік нормативтер бұзылған және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқулар анықталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау органдары келесі шешімдерді қабылдайды (нұсқамалар береді):
1) ұлттық стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес келмейтін құрылыс материалдарын, бұйымдарын, конструкциялары мен жабдықтарын қолдануға тыйым салу туралы;
2) тапсырыс беруші (құрылысты салушы) және (немесе) мердігер құрылыс-монтаж ұйымы (кәсіпорны) тарапынан жіберілген бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы;
3)құрылыс-монтаж жұмыстарының тоқтатылуы туралы.
объектілер мен құрылыс өнімдерінің сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын, салынатын (қайта жаңғыртылатын, кеңейтілетін, модернизацияланатын, күрделі жөнделетін) объектілер мен кешендерге мониторинг жүргізуді, тексерулер нәтижесінде құрылыс субъектілеріне берілген нұсқамалардың орындалуына бақылау жасауды, қала құрылысы және жобалық құжаттаманың сапасына бақылау жасауды, жобалық құжаттама сараптамасына бақылау жүргізуді қамтамасыз ету:
сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жойылмайтын бұзушылықтарға жол берген заңды, жеке және лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен шаралар;құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламада көрсетілген деректердің шынайылығын анықтау бойынша тексерулер;
құрылысы жүріп жатқан немесе қайта жаңғыртылып жатқан объектілердегі апаттар мен құлаулардың себептерін зерттеу жөніндегі комиссияларға қатысу; сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін тексеруге қатысу;әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша іс жүргізу материалдарын талдау және жүргізу;құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы келіп түскен хабарламаларды бақылау, мониторинг пен талдауға бақылау жасау қабылданады.
келіспеушілік актілеріне, берілген хабарламаларды қабылдау талонына; уәкілетті органға құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарламалар, келіспеушілік актілері, қабылдау талондары және мониторинг туралы ақпаратты уақтылы жолдауға бақылау жүргізу;
Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру;
Бөлімдердің қызметіне, Басқарманың іс қағаздарын жүргізуге жалпы сипаттағы бақылауды жүзеге асыру, басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындау;
Бағынысты қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін атқаруына тиісті бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша ықтимал шараларды қабылдау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы келіп түскен хабарлама бойынша шаралар қабылдауға міндетті.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-48-08