Ақтөбе қаласы "Астана" ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты, 1 бірлік, №02-0
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Механика
- Техникалық физика
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
Функционалды міндеттер
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президенттің және Үкіметтің актілерінің орындалуын ұйымдастыру және орындалуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінің, облыс, қала және аудан әкімдері шешімдерінің, өкімдері мен тапсырмаларының, облыс, қала әкімдіктері қаулыларының орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Қаланың коммуналдық меншігін қалыптастыруға, сондай-ақ оны ұстау және қорғау жөнінде іс-шараларды өткізуге қатысу.
жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына ықпал ету; елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; туысы жоқ адамдарды жерлеуді және зираттар мен өзге де жерлеу орындарын тиісті қалпында күтіп-ұстау жөніндегі қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерін үйлестіру; жазалаудың осы түріне сотталған адамдардың қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қоғамдық жұмыстарды орындауына жәрдемдесу; мердігер мекемелердің жұмыстарына техникалық қадағалау жүргізу, мердігер мекемелердің және қосалқы мердігер мекемелердің келісім шарт міндеттемелерін орындауын бақылау және орындалған жұмыс актілерін, келісім-шарт бойынша жұмыстарды қабылдау; Сәулет және аудан құрылысы және бау-бақша ұжымы бойынша туындаған сұрақтарды қадағалау; Аудан аумағындағы тұрғын үй алаптары мен көшелерге қоқыс алаңдары мен қоқыс жәшіктерін орнату жұмыстарын қадағалау; Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы бірегей мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін көпқабатты тұрғын үйлердің МҮБ және кондоминиумдармен үнемі өзара жұмыстар ұйымдастыру және жүргізу; Төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау, авариялық-құтқару, шұғыл жұмыстар жүргізу және төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын ұйымдастыру; «Халық қатысатын бюджет» жобасын іске асыру мақсатында тиісті шаралардың орындалуын бақылау, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу және жобаға қатысуды ұйымдастыру; Әкім аппараты әкімшісі болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізу; Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі шараларды қабылдау.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: 8(7132) 56-48-08.